Огонилар (кана)ОГОНИ https://slovaronline.com/browse/f0fff3a6-c853-30df-a920-5c7b4b070e27/%D0%BE%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D0%B8 — Нигерияда тұратын жалпы саны 500 мың адамды құрайтын ұлт. Олар солтүстік кан, оңтүстік кан, гокан, тай және элеме топтарына бөлінген.Огони https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/574448
Тілі Олар нигер-кордофан отбасына жататын кегбоид тілдерінде (огони тілдерінде) сөйлейді.
Діні Көпшілігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, кейбіреулері христиандар (католиктер мен протестанттар).Современная энциклопедия Огони https://my-dict.ru/dic/sovremennaya-enciklopediya/204202-ogoni/
Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері қолмен атқарылатын егіншілік (ямс, тәтті картоп, маниок, жүгері, майлы пальма), балық аулау, қолөнер (тоқымашылық, ағаш ою, керамика).Народы и культуры Огони https://travel-journal.ru/ethno/42/316/
Өмір салты Әлеуметтік құрылымда құпия одақтар (толог), соның ішінде ерлер (лорле, кунуке) және аралас (аманикпо, кпаакпаа және т.б.), сондай-ақ жастар қолөнер, дәстүр, фольклор бойынша білім алған қауымдастықтар (боонато) үлкен рөл атқарды. Әлеуметтік ұйымның негізінде жас стратификациясы болды (3 жас дәрежесі: балалар, жасөспірімдер, ересектер және қарттар).
Саяси құрылымдар болған жоқ, орталықтандырылған басқару болмады. Дәстүрлі билік ауыл қауымдастықтарының басшыларына және патрилиндік рулардың (ган) басшыларының кеңестеріне тиесілі болды. Тайпалық ұйым 7 тектен тұрды. Негізгі экономикалық бірлік – көп балалы отбасы (тор).
Елді мекендердері шоғырланып орналасқан, тұрғын үйлері дөңгелек және төртбұрышты, бөренелерден немесе қамыстан жасалған. Конустық төбесі сабанмен немесе шөппен жабылған.
Дәстүрлі киімдері – белдемше (қысқа және ұзын – юбка тәрізді) еуропалық костюммен алмастырылуда.
Азық-түліктері негізінен балық және өсімдік тектес тағамдар (ботқалар, бұқтырылған тағамдар, ащы дәмдеуіштермен пісірілген түйнектер).народы мира / Огони http://www.etnolog.ru/people.php?id=OGON
Дереккөздер
Санат:Нигерия халықтары