Роберт Хофштадтер (сонымен бірге ХофстедтерЕрмолович Д. И. Англо-русский словарь персоналий. — М.: Рус. яз., 1993. — 336 б. — Б. 164; 5 ақпан 1915 — 17 қараша 1990) — американдық физик-экспериментші, АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1958)Robert Hofstadter , 1961 жылы «Атом ядролары арқылы электрондардың шашырауы бойынша іргелі зерттеулері және нуклон құрылысы саласындағы соған байланысты ашылымдары үшін» физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты. Дуглас Хофштадтердің әкесі.

Өмірбаяны Польша Корольдігінен келген еврей эмигранттарының отбасында дүниеге келген. Әкесі Луи Хофштадтер (1881—1949), Краков тумасы, кеңсе қызметкері болды, содан кейін темекі дүкенінің иесі болды; анасы Генриетта Кенигсберг (1882—1951) үй шаруасындағы әйел болған.

Ол 1938 жылы Принстон университетін бітіріп, 1946—1950 жж сонда жұмыс істеді. 1950 жылдан бастап Стэнфорд университетінде жұмыс істеді, 1954 жылдан профессор және 1967—1974 жылдары жоғары энергия физикасы зертханасының директоры. Жұмыстары ядролық физика мен ядролық технологияға, жоғары энергиялар физикасына арналған. Ол Ван де Граф үлкен генераторын құруға қатысқан. 1950 жылдары ол нуклон ішіндегі электр заряды мен магниттік моменттің таралуы және нуклонның өлшемі туралы сандық ақпарат алды. 1957 жылы ол протонның заряды мен магниттік форма факторын, 1958 жылы нейтронның магниттік форма факторын анықтады«Физики» (1983, 4-ші шығ.), Храмов Ю. А..

Дереккөздер

Сілтемелер Храмов Ю. А. Хофштадтер (Хофстедтер) Роберт (Hofstadter Robert) // Физики : Биографический справочник / Ред. А. И. Ахиезера. — Бас. 2-ші, өңд. және тол. — М. : Наука, 1983. — Б. 291. — 400 б. — 200 000 дана. Р. Хофштадтер. «Структура ядер и нуклонов». Нобелевская лекция // Успехи физических наук, 81 том, 1 шығарылым, қыркүйек 1963 Нобель комитетінің сайтынан ақпарат

Санат:АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері мен корреспондент мүшелері Санат:АҚШ Ұлттық ғылым медалімен марапатталғандар Санат:Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ) Санат:Физикадан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Алфавит бойынша Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Принстон университеті түлектері Санат:Стэнфорд университеті оқытушылары Санат:Физиктер Санат:АҚШ физиктері