Еуропалық ынтымақтастық () — Украинадағы про-еуропалық, либералдық-консерватистік саяси партия. 2000 жылы «Ынтымақтастық» атауы бар парламенттік топ ретінде бастауын алды, және содан бері Петро Порошенконың саяси құралы ретінде түрлі атаулары болған. Петро Порошенко блогы деген атауымен партия 2014 жылғы Украинадағы парламенттік сайлауда 423 мандаттың 132-сін жеңіп алып, басқа партияларға қарағанда ең көп мандатқа ие болды.

2017 жылдың қазан айында партияның 30,000-ға жуық мүшесі болды; Аймақтар партиясының бұрынғы мүшелері мүшелікке қабылданбайды. 2019 жылы Украинадағы парламенттік сайлауда партия жалпыұлттық партиялық тізімде 23 мандат және 2 округ бойынша мандатты жеңіп алды.

Петро Порошенконың партия басшылығына келгелі бері партияның идеологиясы христиандық демократия, либералдық консерватизм, либерализм болып сипатталған. Олардың сыртқы саясат ұстанымдарына Украинаның Еуропа Одағына мүше болуы және Ресей-Украина соғысының бейбіт түрде аяқталуы кіреді. Олар өз бағдарламасында орталықсыздандыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске көп мән береді.

Тарихы Ынтымақтастық (2000–2013) Партия 2000 жылы «Ынтымақтастық» деп аталатын парламенттік фракциядан бастау алды, Петро Порошенко құрған, сол уақытқа дейін ол фракциясының мүшесі болды. Саясаттанушы бұл жағдай сол кездегі президент Кучманың көмегімен болды, ол УСДП(б)-ның ықпалын шектемекші болды деп мәлімдейді. Жаңа парламенттік фракцияның құрамына 1998 жылы Украина шаруалар партиясынан және Громададан сайланған көптеген депутаттар қосылды. Порошенко өзінің парламенттік фракциясының негізінде Украинаның Ынтымақтастық партиясын құрды. 2000 жылы бұл партия Аймақтар партиясына қосылып, Порошенко Аймақтар партиясының депутаты болды.

2001 жылы Порошенко «Біздің Украина» блогын құруға қызығушылық танытты. Украинаның «Ынтымақтастық» партиясы Аймақтар партиясынан ажырай алмады, сондықтан Порошенко «Ынтымақтастық» партиясы деп аталатын жаңа фантомдық партия құру туралы шешім қабылдады. 2002 жылғы парламенттік сайлауда фантомдық «Солідарність» Біздің Украинаға қосыла алды. 2002 жылы «Біздің Украина» сайлау блогының партиялық тізімі бойынша депутаттық мандатқа ие болған адамдар қатарында Петро Порошенконың өзі де болды.

2013 жылдың 16 қазанында сот Ынтымақтастықтың тіркеу куәлігінің күшін жойды. Партияның бұған апелляциялық шағым түсіруі мүмкін еді, бірақ бұл шешім жасалған жоқ болды және 2013 жылдың 31 желтоқсанында 10 жылдан астам уақыт бойы ешбір сайлауға қатыспағандықтан партия заңды түрде жойылды.

Петро Порошенко блогы (2013–2019) нобай|оңға|«Ынтымақтастық» Петро Порошенко блогының логотибі, 2014 2000 жылы мамырда жаңа Бүкілукраиналық Бейбітшілік пен бірлік партиясы () тіркелді. 2002 жылғы Украинадағы парламенттік сайлауға оның «Радуга» сайлау альянсына қатысуға рұқсат етілмеді. 2006 жылғы сайлауда партия «Юрій Кармазін блогы» сайлау альянсының бөлігі ретінде қатысса да, еш мандатқа ие бола алмады. 2007 жылғы сайлауда партия Бүкілукраиндық қауымдастықтың бір бөлігі ретінде парламенттік өкілдікке ие бола алмады.

2014 жылы Порошенко «НАСТУП» Бостандық пен украиндық патриотизмнің ұлттық альянсы атты саяси ұйымның төрағасы болды. Осы арқылы ол ВПМЄ-ні Ынтымақтастықпен біріктіріп, Ынтымақтастықтың «өмірін» де-факто жалғастырды.

2014 жылдың мамыр және маусым айларында «Українська правда» Порошенконың жаңа партиясын «уэб-сайты, телефон нөмірлері, мекенжайлары жоқ бір белгісіз партия» деп сипаттады. 2014 жылғы президент сайлауында Порошенко Украина президенті болып сайланды.

Віталій Кличконың "УДАР" партиясымен уақытша блокта біріккен «Ынтымақтастық» 2014 жылғы парламенттік сайлауда 132 мандатпен жеңіске жетті. Салыстырсақ, қарсылас «Халық майданы» партиясы 82 мандатқа ие болды.

2015 жылдың наурыз айында «Петро Порошенко блогы» атауына «Ынтымақтастық» сөзі қосылды. 2015 жылдың 28 тамызында УДАР ресми түрде Петро Порошенко блогына біріктірілді, партия төрағасы Кличко болды.

Украиналық БАҚ-тың 2016 жылғы зерттеуіне сүйенсек, аймақтық кеңестердегі партия өкілдерінің 22% және партиялардың парламент депутаттарының 12%-ы про-ресейлік Аймақтар партиясының бұрынғы мүшелері болды.

2016 жылдың 1 мамырында Киев мэріне саяси партияның мүшесі, не төрағасы болуға тыйым салатын жаңа заң күшке енді. Оның себебімен 26 мамырда Кличко Петро Порошенко блогының төрағасы қызметінен кетті.

Кейінірек Кличко Удар партиясының келесі сайлауда жеке қатысатынын мәлімдеді.

Еуропалық ынтымақтастық (2019 бері) нобай|оңға|Еуропалық Ынтымақтастықтың "мақсатымыз — Еуропалық Киев" деп жазылған постері, 2020 Партия 2019 жылдың 24 мамырында өзінің атауын қазіргі түріне өзгертті. Партия жетекшісі Порошенконың айтуынша, бұл партияның жаңа басшылығын әкелу және 2019 жылы Украинадағы парламенттік сайлауда жеңіске жету үшін жасалуы керек еді.

2019 жылғы парламент сайлауында Еуропалық ынтымақтастық аз дауыс жинап, 8.1% дауысқа түсіп, 23 мандатқа ғана ие болды.

Сайлаулардағы нәтижелері Верховна Рада СайлауТөрағасыНәтижесіОрныПозициясыДауыс саны%± %Мандат саны+/–Ынтымақтастық2002Петро Порошенко6,108,08823.57(Біздің Украина блогы)ЖаңаЖаңаЖаңаОппозицияБүкілукраиналық Бейбітшілік пен бірлік партиясы2006Юрій Кармазін165,8810.65(Юрій Кармазін блогы)ЖаңаЖаңа 13-орында200712,3270.05(Бүкілукраиндық қауымдастық) 0.60 0 19-орындаПетро Порошенко блогы2014Юрій Луценко3,437,52121.82Жаңа 132 1-орындаЕуропалық ынтымақтастық2014Петро Порошенко1,184,6208.10 13.72 107 4-орында Президент сайлаулары СайлауҮміткер1-айналым2-айналымНәтижесіДауыс саны%Дауыс саны%2014100px ПетроПорошенко9,857,30854.70——Сайланды 2019100px ПетроПорошенко3,014,60915.954,522,45024.45Сайланбады

Дереккөздер

Санат:Украина консерватистік саяси партиялары Санат:Украина про-еуропалық саяси партиялары Санат:Украина саяси партиялары