Полторацк округі — 1924 жылдың желтоқсанынан 1926 жылдың тамызына дейін болған Түрікмен КСР-нің әкімшілік бөлініс бірлігі. Әкімшілік орталығы — Полторацк қаласы.

1924 жылы Красноводск және Полторацк уездерін біріктіру арқылы құрылды.

Бастапқыда: Красноводск және Полторацк деген 2 уезге бөлінді.

1925 жылы қаңтарда уездердің орнына 5 аудан: Гинцбург, Қазаншық, Қызыларбат, Красноводск, Полторацк құрылды. 1925 жылы мамырда Атрек ауданы құрылды.

1926 жылы қаңтарда Қарақала және Бәһерден аудандары құрылды. Полторацк ауданы Безмейін болып өзгертілді.

1926 жылы тамызда округ таратылып, оның аудандары Түрікмен КСР-нің тікелей бағыныстылығына берілді.

1926 жылғы халық санағы бойынша 264,4 мың адам болды. Соның ішінде түрікмендер — 73,2%; орыстар — 15,8%; армяндар — 3,1%; парсылар — 1,6%; украиндар — 1,2%; әзербайжандар — 1,1%.

Әдебиет

Санат:Түрікмен КСР округтері