Кру (крао, крумен)КРУ https://megabook.ru/article/%D0%9A%D0%A0%D0%A3%20(%D0%B3%D1%80%D1%83%D0%BF%D0%BF%D0%B0%20%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4%D0%BE%D0%B2) — Либерияның жағалау бөлігін және Кот-д’Ивуардың батыс аудандарында тұратын туысқан халықтар тобы. Олар 3 кіші топқа біріктіріледі: бакве, гребо, кран, гере, басса, сикон, бете.Народы кру https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/308532 Жалпы саны 3,2 млн адам. (2008, бағалау). Олар Либерияда (1,3 миллион адам), Кот-д'Ивуарда (1,8 миллион адам), Буркина-Фасода (26 мың адам), Малиде (22 мың адам), Ганада (22 мың адам), Сьерра-Леонеде (19,3 мың адам), Гвинеяда (3,8 мың адам) тұрады.Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/2114756

Тілі Тілдері: кру, либериялық ағылшын, Сьерра-Леондық ағылшын, криол, француз тілі.Кру https://wikipredia.net/ru/Kru_people

Діні Крулардың көпшілігі дәстүрлі нанымдарды (табиғат рухтарына табыну, ата-бабалар культі) сақтайды, бір бөлігі христиандар (протестанттар).Значение КРУ (НАРОДЫ В ЛИБЕРИИ) в Большой советской энциклопедии, БСЭ https://slovar.cc/enc/bse/2009158.html

Кәсібі Дәстүрлі кәсіптері - қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, көкөніс, маниок, таро және т.б.), жағалауда - балық аулау. Көптеген Кру резеңке, какао және мақта плантацияларында жұмыс істейді. Ағаш пен піл сүйегіне ою, боялған керамика жасау, саз балшықтан ата-бабалар мүсіндерін жасау дамыған.Народы и культуры Кру https://travel-journal.ru/ethno/38/820/

Өмір салты Дәстүрлі қоғамдық ұйым ауыл және үлкен отбасы қауымдастығына негізделген. Неке вирилокалды, көп әйел алу жиі кездеседі. Ерлер (поро) және әйелдер (санде, бунду) құпия одақтары бар. Инициация рәсімдері кең таралған.

Дәстүрлі тұрғын үйлері тік бұрышты, сазды платформада, Кейбір кру топтарында (бакве, кран, гребо) төбесі сабан немесе рафия пальма жапырақтарынымен жабылған дөңгелек үйшіктер жиі кездеседі.

Дәстүрлі киім дері, еуропалық киімдермен ығыстырылуда.

Азық-түліктері негізінен өсімдік тектес, пальма майында дайындалады, банан, жеміс, жағалауда балық тұтынады.народы мира / Кру http://www.etnolog.ru/people.php?id=KRUC

Дереккөздер

Санат:Либерия халықтары Санат:Кот-д’Ивуар халықтары Санат:Буркина-Фасо халықтары Санат:Мали халықтары Санат:Гана халықтары Санат:Сьерра-Леоне халықтары Санат:Гвинея халықтары