Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі — Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясат жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган.
Қауіпсіздік кеңесін Қазақстан Республикасының Президенті ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты және халықаралық аренада Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау мақсатында құрады.
Тарихы Қауіпсіздік Кеңесінің тарихы 1991 жылдан басталады, онда Қазақ КСР Президентінің 21 тамыздағы Жарлығымен Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік Кеңесі құрылған болатын. Кейіннен ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 17 маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі болып қайта құрылды.
2018 жылы республиканың Қауіпсіздік Кеңесі туралы заң қабылданып, заң бойынша Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойы басқару құқығына ие болды. Бұрын сарапшылар бұл заңды Назарбаев қайтыс болғанға дейін, тіпті елде басқа президент пен Үкімет болса да, билікті сақтауға мүмкіндік беретін жоба ретінде қарастырған. 2022 жылғы 5 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінің төрағалығы Нұрсұлтан Назарбаевтан Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. 2022 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Мәжілісі Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық етуін тоқтатты.Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық етуін жою туралы заң қаралды 2022 жылғы 7 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға түзетулерге қол қойды.Тоқаев Назарбаевтың өкілеттігін шектеу бойынша түзетулерге қол қойды
2026 жылғы 29 тамызда президентке тікелей бағынатын Қауіпсіздік кеңесінің аппараты құрылды.Президент «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды 31 тамызда Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымы жойылып, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары лауазымы енгізілді. А.Ғ. Балаеваны тағайындау туралы
Өкілеттіктері Қазақстан Республикасының қауіпсіздік кеңесі — "Қазақстан Республикасының қауіпсіздік кеңесі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті құратын және ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тәуелсіздікті қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган.
Негізгі міндеттері Қауіпсіздік кеңестің негізгі міндеттері қатарында: Президентке ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, елдің қорғаныс қабілетін нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, осы салалардағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар енгізу; Президент үшін: соғыс жағдайын енгізу, ұзарту, күшін жою; төтенше жағдай енгізу, ұзарту, күшін жою; бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін пайдалану; Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттерді орындау кіреді.
Қауіпсіздік кеңесі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді. Сондай-ақ заң жобаларын талдайды және құзыреті шегінде нормативтік құжаттардың орындалуын бақылайды.
Отырыстары Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының немесе Төрағаның уәкілеттік беруі бойынша Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің бірінің төрағалық етуімен өткізіледі. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізу мерзімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы айқындайды.
Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының шешімі бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің жекелеген мүшелерінің қатысуымен Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері өткізілуі мүмкін.
Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестерінің шешімдері Қауіпсіздік Кеңесінің қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болады.
Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестерінің шешімдері оларды Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бекіткеннен кейін күшіне енеді, қажет болған жағдайда олар Президенттің актілерімен іске асырылады.
Қауіпсіздік Кеңесінің, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестерінің шешімдері міндетті болып табылады және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ұйымдары мен лауазымды адамдары мүлтіксіз орындауға тиіс.
Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады.
Қажет болған жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету үшін Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары, сараптама кеңесі, инспекциялық және жұмыс топтары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы өзге де консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін. Оларды құру, міндеттері, функциялары мен лауазымдық құрамы туралы мәселені қауіпсіздік кеңесі хатшысының ұсынуы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы шешеді.
Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары, сараптама кеңесі, инспекциялық және жұмыс топтары, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы өзге де консультативтік-кеңесші органдар Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестеріне материалдар дайындауды жүзеге асырады, Қауіпсіздік Кеңесінің, Президенттің, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының тапсырмасы бойынша талдамалық және зерттеу жұмыстарын орындайды, Қауіпсіздік Кеңесіне Мемлекеттік қызметтің негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді. елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы саясат.
Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы үйлестіреді.
Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының, Сараптамалық кеңестің, инспекциялық және жұмыс топтарының, Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы өзге де консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді өкілдері осы органдардың жұмысына қатысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдар, сондай-ақ аппарат жүзеге асырады.
Басшылығы және құрамы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы — Қазақстан президенті. Ол президент ретінде Қауіпсіздік Кеңесінің құрамын қалыптастырады. Төрағаның өзіне тікелей бағынатын бір орынбасары болады.Ақордадан бөлінген аппарат: сарапшы Қауіпсіздік кеңесіндегі өзгерістің астарын ашты
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы қызметін атқарған тұлғалар: №СуретіАты-жөніАтқарған уақыты 1 жиекті|120px Нұрсұлтан Назарбаев 21 тамыз 1991 5 қаңтар 2022 2 жиекті|120px Қасым-Жомарт Тоқаев 5 қаңтар 2022 —
Лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері: Қазақстан Президенті: Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Вице-Президенті: Ерлан Қарин Қазақстан Құрылтайының Төрағасы: Айбек Дәдебай Қазақстан Премьер-Министрі: Олжас Бектенов Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Басшысы: Роман Скляр Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары: Аида Балаева Қазақстан Бас Прокуроры: Берік Асылов Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы: Ермек Сағымбаев Қазақстан Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы: Сәкен Исабеков Қазақстан Сыртқы істер министрі: Мұхтар Тілеуберді Қазақстан Қорғаныс министрі: Айдос Мырзахметов Қазақстан Ішкі істер министрі: Ержан Сәденов Қазақстан Төтенше жағдайлар министрі: Мұрат Мұханов.Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мәселелері туралы
Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органға жатады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Ол Қауіпсіздік кеңесінің, Қауіпсіздік кеңесі төрағасы мен төраға орынбасарының қызметін қамтамасыз етеді.Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті
Дереккөздер
Санат:Қазақстан Қауіпсіздік кеңесі Санат:Ұлттық қауіпсіздік кеңестері