Беларусь Конституциясы бойынша Беларусь — президенттік республика жүйесіндегі тәуелсіз мемлекет, оның Мемлекет басшысы — президенті, үкімет басшысы — премьер-министрі, заң шығарушы органы — екіпалаталы Беларусь Ұлттық Жиналысы атты парламенті.
1994 жылдан бастап президенті — Александр Лукашенко және 2025 жылдан бастап премьер-министрі — Александр Турчин. Ұлттық Жиналыстың екі палатасы, жоғарғы Республика Кеңесі және төменгі Өкілдер палатасы. Парламент палаталарының екеуінде де мандаттарының көпшілігіне ие саяси партия — про-президенттік Белая Русь партиясы.
Лукашенконың авторитарлық әкімішілігі, жеке басына табынуы, оппозицияға қысым көрсетуі себебімен «Еуропаның соңғы диктаторы» лақап атын алған. Елдегі сайлаулар демократиялық болып саналмайды.
Ішкі саясаты Сөз бостандығы Әкімшілік бөлінісі
thumb|right|Беларус облыстарының картасы, беларусша Беларусь алты облысқа (вобласць) бөлінеді, Минск қаласы өзінің бөлек облысы болып келеді. Минск тағы Минск облысының әкімшілік орталығы қызметін атқарады. Облыстар аудандарға (раён) бөлінеді.
Сыртқы саясаты Халықаралық ұйымдары Беларусь — осы үкіметаралық ұйымдардың мүшесі: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы; Ресей мен Беларусь одақтық мемлекеті; Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы; Интерпол; Еуразия экономикалық қауымдастығы; Біртұтас экономикалық кеңістік; ЕҚЫҰ; Халықаралық валюта қоры; Дүниежүзілік банк; Қосылмау Қозғалысы; Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы; Халықаралық еңбек ұйымы. Беларусь осы ұйымдардың бақылаушысы болып келеді: Шанхай ынтымақтастық ұйымы.
Еуроодақпен қарым-қатынасы Беларусь пен Еуропа одағы (ЕО) арасындағы қарым-қатынастары 1991 жылы желтоқсанда Беларусь тәуелсіздігін Еуропалық Одақ мойындауымен орнатылды және бастапқыда олар тұрақты дамыды, бірақ 1994 жылы Александр Лукашенко билікке келгеннен кейін бұл қатынастар нашарлады. Қазірдің өзінде де Беларусь үкіметі мен халқынан еуро-скептицизм (Еуропа және Еуропа одағына деген сенімсіздік) әлі де байқалады.
2010 жылғы Беларусь президентінің сайлауы (ресми дерек бойынша Лукашенко 80% жинап, жеңіске жетті) Минскіде жаппай демонстрациялар протестілеушілердің тұтқындалуына әкелді. ЕО оппозиция қайраткерлері мен наразылық білдірушілерді түрмеге жабу адам құқықтары туралы заңдарға қайшы келеді деп мәлімдеп, Беларусьтің ірі шенеуніктері мен кәсіпкерлеріне біраз санкциялар салды.
Саяси партиялары
Станислав Шушкевич билігі жылдары, 1993 жылдың санағы бойынша, беларустардың 60 пайызға жуығы ешбір саяси партияны қолдамайтын, сайлаушылардың 3,9 пайызы ғана коммунистік партияны қолдайтынын, ал сол жылы ыдыраған ірі оппозициялық саяси партиясы тек 3,8 пайызы ғана қолдайтыны белгілі болды. Басқа партиялардың ықпалы әлдеқайда төмен болды.
Беларусьтегі сайлаулардың ешқайсысы демократиялық емес болғасын Беларусь парламентінде өкілдігі бар партияның ешқайсысы оппозициялық емес. Солардың ең ірісі — аграрлық, Орыс-Беларус одағын қолдайтын орысшыл Белая Русь партиясы.
Саяси партиялар тізімі Атауы Қысқартылған атауы Басшысы Идеологиясы Өкілдер палатасы Республика Кеңесі Белая Русь (де-факто)Белая Русь БРБР Александр Михайлович Радьков ЭтатизмРусофилияАвторитаризмЛукашенконы қолдау Беларусь Коммунистік партиясыКоммунистическая партия БеларусиКамуністычная партыя Беларусі БКПКПБ КоммунизмМарксизм–ленинизм Республикалық еңбек және әділет партиясыРеспубликанская партия труда и справедливостиРэспубліканская партыя працы і справядлівасьці РЕӘПРПТСРППС және СоциализмЛукашенконы қолдау Беларус Патриоттық партиясыБелорусская патриотическая партияБеларуская патрыятычная партыя БППБПП Социализм 60px Беларусьтің либералды-демократиялық партиясыЛиберально-демократическая партия БеларусиЛіберальна-дэмакратычная партыя Беларусі БЛДПЛДПБ Беларусь Аграрлық партиясыБелорусская аграрная партияБеларуская аграрная партыя БАПБАП СоциализмАграризм
Дереккөздер
*