Ирпень () — Украинаның Житомир және Киев облыстарындағы өзен, Днепрдің оң тармағы, Киев су қоймасына оң жағынан құяды.Ирпень https://megabook.ru/article/%D0%98%D1%80%D0%BF%D0%B5%D0%BD%D1%8C%20(%D1%80%D0%B5%D0%BA%D0%B0)
Сипаттама Ол бастауын Житомир облысы, Яроповичи ауылынан алып, Киев су қоймасына (Киев облысы) құяды. Ұзындығы 162 шақырым, су қоймасының ауданы 3340 шаршы шақырым. Тереңдігі кейбір аудандарда 3 метрге жетеді. Негізінен қар суымен қоректенеді, барлық жерде шлюздермен реттеледі.Большая советская энциклопедия https://gufo.me/dict/bse/%D0%98%D1%80%D0%BF%D0%B5%D0%BD%D1%8C Ирпень өзені суының минералдануының орташа көрсеткіші: көктемгі су тасқыны кезінде- 295 мг/дм³; жазғы-күзгі төменгі деңгейі - 450 мг/дм³; қысқы төменгі деңгейі - 459 мг/дм³.Ирпень https://stroi-archive.ru/stati/17549-irpen-reka.html Ең ірі салалары: Кривянка, Веприк, Куделя, Белка, Рокач, Н вка, Любка, Мостовая, Свинарийка, Жерко, Каменка. Ирпень өзенінде алабұға, балпан балық, құсбас, ақмарқа т.б. балықтар кездеседі.Река Ирпень https://rybalka.tv/water/reki/reka-irpen/
Шежірелердегі Ирпень өзені Шежірелік деректерден Ирпень өзені туралы естеліктерді кездестіре алмаймыз. Алғаш жеткен «Өткен жылдар хикаясында» шежіреші Нестор 852 жылдан бастап Киев Русінің тарихы туралы айта бастайды, бірақ Ирпень өзені туралы айтпайды. Петр Могиланың серігі Иннокентий Гизель «Киев синопсисі» (1674 ж.) атты алғашқы оқу-тарихи еңбегінде Литва князі Гедиминнің Ирпень өзенінің бойында Киев князі Станиславпен шайқасын сипаттай отырып, өзенді «Пирна» деп атайды. Киевтегі Орталық ғылыми кітапхананың карталар бөлімінде ХVII ғасырда Ирпень өзені Ропин (ROPIN) деп аталған карта бар.
Киев Еуропада үлкен беделге ие болды. Оған дворяндар, басқа елдердің саудагерлері жиналатын. Бұл Киевке түрлі жолдар салынғанын көрсетеді, дегенмен, ең оңай және қауіпсіз жол өзендер арқылы өтті, әсіресе қыста олар қатып қалған кезде. Қыста өзендер ерекше жолдарға айналды. Сондықтан Киевте Днепр мен Деснадан кейін үшінші болып саналатын Ирпень сияқты өзен назардан тыс қалмады. Х ғасырдың аяғында князь Владимир Святославич Ирпеньннің оң жағалауында ежелгі орыс қаласы – Белгород бекінісін тұрғызды. Ол оған тек Ирпень өзенінің бойымен кіре алды.Речка Ирпень — История и Легенды https://irpen.news/rechka-irpen-istoriya-i-legendy/
Галерея +Ирпень өзені Гута-Межигорская ауылындағы Ирпень өзені Томашевка маңындағы Ирпень өзені. Бөгеттен Ирпинь өзеніне көрініс Чорногородкадағы Ирпень ортаға|250px ортаға|300px ортаға|250px ортаға|250px
Дереккөздер
Санат:Украина өзендері Санат:Житомир облысы өзендері Санат:Киев облысы өзендері