Жарсуат — Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданындағы ауыл, Жарсуат ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Ақсай қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 37 км-дей жерде, Жайық өзенінің сол жағалауында әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өскен өзен аңғарының шалғын топырақты дала белдемінде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1112 адам (549 ер адам және 563 әйел адам) болса, 2009 жылы 1151 адамды (571 ер адам және 580 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1054 адамды (523 ер адам және 531 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы Іргесі 1936 жылы осы маңда “Победа” астық өсіру кеңшарын құруға байланысты қаланды. Оның негізінде 1997 жылдан Жарсуатта 6 шаруа қожалығы, 2 акционерлік қоғам ұйымдасқан.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, клуб, кітапхана бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Бөрлі ауданы елді мекендері