(65803) Дидимос — Жер және Марс орбиталарын кесіп өтетін шағын астероид.
Оны 1996 жылы 11 сәуірде Китт-Пик обсерваториясында Spacewatch тобы ашты. Өлшемдері: 832 x 838 x 786 метр.(65803) Didymos and Dimorphos
2003 жылы оның серігі бар екені анықталды. Осыған орай астероидқа Дидимос деген ат қойылды, грек тілінен «қосарлы» деген мағынаны береді. Серігінің атауы Диморфос деп бекітілді. Оның диаметрі 160 метрге жуық.
Зерттелуі Бұл Жерге ықтимал қауіпті астероид деп саналады.
2021 жылдың қарашасында НАСА астероидқа DART (Double Asteroid Redirection Test) миссиясын жіберді. Бағдарлама бойынша ғарыш кемесі астероидтың серігіне жоспарлы түрде соғылып, нәтижесінде траекториясын қалай өзгерткенін анықтауы керек еді. Диморфоспен соқтығысу 2022 жылдың қыркүйегінде орын алды.
2024 жылдың соңында Еуропалық ғарыш агенттігі осы соғылыстан кейін астероидтардың қандай жағдайда болғанын зерттеу үшін Гера ғарыш кемесін ұшыруға ниетті.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (65801—65900) Санат:Астероидтар