(10) Гигея — Негізгі белдеудегі төртінші ең үлкен астероид: Церера, (4) Веста және (2) Паллададан кейін.
Оны 1849 жылы 12 сәуірде италиялық астроном Аннибале де Гаспарис Каподимонте обсерваториясында ашты.
Грек мифтерінен белгілі болған денсаулық құдайы Гигеянің құрметіне орай аталды.
Гигея ірі астероид болғанымен, Күннен қашықтығы және бетінің аса жарқын еместігі оның кейбір кішіректеу астероидтардан кештеу ашылғанына себеп болды.
Соңғы жүргізілген зерттеулер Гигеяның сфера пішіндес екенін көрсетті. Сондай-ақ бетінде 90 және 180 шақырымдық екі кратер бар екені анықталды.A basin-free spherical shape as an outcome of a giant impact on asteroid Hygiea
Гигея ең үлкен астероидтардың бірі болса да, жерден бақыланған кезде оның алакөлеңке түсті жоғарғы беті мен Күннен алыс қашықта болуынан өте күңгірт көрінеді. Осы себепті ол бірнеше кішігірім астероидтардан кейін табылды. Әдетте, Гигеяны бақылау үшін линзаның диаметрі 100 мм болатын телескоп қажет, бірақ оның қарсыласу сәті оның перигелийіне түскенде, Гигеяны бинокльмен ажыратуға болады. thumb|330px|center|Гигеяның Күнді айналуы, сыртқы шеңбер — Юпитер орбитасы thumb|left|250px|Төрт ең үлкен астероид Дереккөздер
Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (1—100) Санат:Астероидтар