Сазды – Жайық алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Алға ауданы мен Ақтөбе қалалық әкімдігіне қарасты аумақ арқылы ағады.
Гидрологиясы Ұзындығы 40 км, су жиналатын алабы 352 км2. Бастауын Ақсазды (Петровка) ауылының маңындағы бұлақтардан алып, Ақтөбе қалсы тұсында Елек өзеніне құяды. Аңғары жоғарғы ағысында 0,5–1 км, қалған бөлігінде 5 км жəне одан да үлкен аралықта. Өзен бойында су бөгені салынған. Арнасында бұталы шалғын, орта ағысында орман шаруашылығы жүргізіледі. Өзімен аттас елді мекен бау-бақша, мал суаруға пайдаланады.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5
Дереккөздер
Санат:Алға ауданы өзендері Санат:Жайық су алабы өңірі өзендері