Қазақстан КП Оңтүстік Қазақстан (1962 кейін Шымкент) облыстық комитеті — БК(б)П (1932-1937), Қазақстан КП (1937-1991) Шымкент облыстық партия ұйымының басқару органы.
1932 жылы 10 наурызда Қазақ АКСР-нің алғашқы 6 облысының ішінде орталығы Шымкент қаласы болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысы құрылды. 1936 жылдың 5 желтоқсаны — Қазақ КСР құрамына кірді.
Шағындап қайта ұйымдастыру барысында облыс аумағынан Қызылорда (1938 жылы 15 қаңтар) және Жамбыл (1939 жылы 14 қазан) облыстары бөлініп шықты.
1962 жылдың 3 мамырынан 1964 жылдың 1 желтоқсанына дейін Қызылорда және Жамбыл облыстарымен бірге Қазақ КСР Оңтүстік Қазақстан өлкесінің құрамында болды.
Оңтүстік Қазақстан обкомының бірінші хатшылары (1932-1962) 1932-1934 Рубен Восканов 1934-1937 Василий Лазарев 1937 Әбілқайыр Досов 1937-1938 Біржан Манкин 1938-1944 Никита Нечаев 1944-1947 Хабир Пазиков 1947-1952 Мұхамеджан Ерлепесов 1952-1953 Мінайдар Салин 1953-01.1954 Нұрдәулет Күзембайұлы 02.1954-05.1955 Жұмабай Шаяхметұлы 1955-1959 Ысмайыл Юсупов 1959-3.05.1962 Виктор Макаров
Шымкент обкомының бірінші хатшылары (1962-1991) 3.05.1962-1962 Виктор Макаров 1962-1963 Василий Ливенцов 1963-12.1964 (ауылдық) Василий Ливенцов 12.1964-1972 Василий Ливенцов 1972-25.04.1978 Аманолла Рамазанов 25.04.1978-10.07.1985 Асанбай Асқарұлы 10.07.1985-18.04.1987 Рысбек Мырзашұлы 16.05.1987-25.11.1988 Қасым Төлебеков 25.11.1988-13.05.1990 Валерий Темірбаев 13.05.1990-7.09.1991 Сергей Терещенко
Тағы қараңыз Облыс әкімі
Әдебиет РСДЖ(б)П, РК(б)П, БК(б)П, КОКП орталық комитеті: Тарихи-өмірбаяндық нұсқаулық / Құрас. Ю. В. Горячев. М., 2005.
Санат:Түркістан облысы Санат:Қазақстан КП аймақтық, облыстық және өлкелік комитеттері