«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі, қысқаша атауы — «Baytaq» Жасылдар партиясы — Қазақстандағы жасыл саяси партия, ресми түрде тіркелген 7 партияның бірі.
Партия оппозициялық болып есептелмейді. Оның тұңғыш съезінде олар Тоқаев саясатын қолдайтынын мәлімдеді.
Тарихы Құрылуы және тіркелуі Партия басшысы Азаматхан Әміртай айтуынша, партияны тіркеу жұмыстары 2015 жылдан бері жүргізіліп келген.
2022 жылдың 24 қыркүйегінде партияның тұңғыш съезі жүргізілді. Оның барысында партия басшылығы және бағыты таңдалды.
2022 жылдың 30 қарашасында партия ресми түрде тіркелген партиялар тізіміне енді. Ол соңғы 20 жылда алғаш рет тіркелген партия болды.
2023 жылғы парламент сайлауы 2023 жылы 20 қаңтарда Байтақ партиясы сол жылғы парламент сайлауына қатысатынын мәлімдеді.
Партиядан тізім бойынша 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар квотасы бойынша – 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 кандидат бар.
Партия төрағалығы үшін күрес (2023) 6 мамыр күні Алматыда партияның 3-съезі орын алды. Оның барысында Әміртай өзінің партиядағы мүшелігі мен төрағалығынан айырылды.
2023 жылдың 10 мамырында партия төрағасы Азаматхан Әміртайдың айтқан сөзінше партияны «олигархтар мен бизнесмендер» басып алғысы келеді, және оны сондықтан партия мүшелері тізімінен алып тастаған. Әміртай Алматыда өткен съезді мойындамады.
Алматы мәслихатының депутаты және «Байтақ» партиясының алматылық саяси бюросының төрағасы Бейбіт Әпсенбетов «конференция өткізбей-ақ филиал директорларын тағайындап, партияға қатысы жоқ тұлғалардан саяси бюро құрып жүргеніне сүйеніп оның мүшелігі тоқтатылды» деген.
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша саяси партиялар Санат:Қазақстан саяси партиялары