Шэ (шаньха) — Қытайдың шағын халықтарының бірі, негізінен Фуцзянь, Чжэцзян, Гуандун, Цзянси және Аньхой провинцияларының әртүрлі аудандарында тұрады. Халық саны 700 мың адамды құрайды (2010 ж.).
Тілі Шэ тілі қытай-тибет тілдер семьясының мяо-яо тілдер тобына жатады. Шэ тілінің екі диалектісі бар. Бұл ұлттың өкілдері өздерінің арасында шэ тілінде сөйлейді, басқа ұлттармен қарым-қатынаста қытай тілін пайдаланады. Өзіндік ұлттық жазуы жоқ, қытай жазуы қолданылады.
Діні Анимистік сенімдер сақталған.
Шығу тегі Шығу тегі мен мәдениеті жағынан яоға жақын (кейде олардың тобы ретінде қарастырылады). 1 мыңжылдықтың соңына дейін олар қытай тарихи әдебиетінде мань деген атпен белгілі мяо-яо бірлігінің құрамында болды. Одан бөлініп, олар Миньюэ жергілікті тұрғындарын ығыстырып, Қытайдың оңтүстік-шығысына қоныстанды. Қытайлармен қатты ассимиляцияланған.
Кәсібі Негізгі кәсібі суармалы террассалық егіншілік (күріш, тары), сонымен қатар (буйвол, сиыр, шошқа) өсіреді. Шэ ұлтының әйелдері өте еңбекқор, олар түрлі-түсті жіптерден тоқу және кесте тігу шеберлері. Олардың өнімдері ашық түстермен және өзіндік ерекшелігімен танымал. Олар тоқыған ашық түсті ленталар, шарфтар және белбеулер өте әдемі. Қыздар әдетте мұндай шарфтар мен түрлі-түсті ленталарды ғашықтарына силайды.
Тұрмыс салты Жалпы фамилиялары бар экзогамиялық топтар бар (Лан, Лэй, Чжун, т.б.). Үйлену тойлары қарапайым, бірақ салтанатты өтеді. Бұрынғы заманда шэ мен ханьдар некеге тұруына рұқсат етілмеген. Қазіргі таңда қыз-жігіттер жүрек қалауымен шаңырақ көтереді.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Шэлар әдетте шағын жинақы қоныстарда, сондай-ақ ханзу қытайларымен іргелес, кейде ханзу қытайлықтарымен бір қоныста тұрады. Ертеде шэлар ағаш пен бамбуктан жасалған ғимараттарда (оларды ницзян және валяо деп атаған) өмір сүрген. Бүгінде олардың көпшілігі екі-үш қабатты үйлерде тұрады.
Дәстүрлі киімдері
Ерекшелік ішінара әйелдер киімінде, зергерлік бұйымдарда және шаш үлгісінде сақталады. Дәстүрлі киімдері мен әшекейлері жарқын, түрлі-түсті және өте алуан түрлі. Олардың көйлектері негізінен көк түсті және зығырдан жасалған. Ер адамдар ханьдармен бірдей киінеді. Дегенмен, Фуцзянь провинциясының шығыс бөлігінде және Чжэцзя провинциясының оңтүстік бөлігінде әйелдердің киімдері мен әшекейлері әлі күнге дейін ашық ұлттық бояуға ие. нобай|оңға|200px|Қытайдағы шэ өкілдерінің қойылымы Дәстүрлі тағамдары Шэ диетасының негізі күріш пен тәтті картоп болып табылады. Сонымен қатар,олар көкөністер мен гуаду бұршақ пастасын тұтынады.
Фольклоры Мыңнан астам тау әндері сақталған. Ай астындағы халық билері мен ғашықтардың ән шырқауы жиі кездеседі. Әдеби мұраларының негізгі бөлігі ән болып табылады. Және олар әрқашан шэ тілінде шырқалады. Оның әдеби мұрасы негізінен ауызша шығармашылық түрінде сақталған. Мереке күндері даладан ән шырқалады. Олар отбасымен және достарымен кездескенде де айтылады.
Сілтеме
Дереккөздер
Санат:Қытай этникалық топтары