Маша мен Аю () — Олег Кузовков жасаған және Animaccord Animation Studio студиясы продюсерлік еткен кішкентай балаларға арналған комедия жанрындағы ресейлік компьютерлі анимациялық телехикая әрі осы аттас балаларға арналған ауызша халық әңгімесі.«Маша мен аю» туралы сіз білмейтін қызықты деректер.Bugin.kz сайты

Шоу Маша есімді кішкентай қыз бен оның қамқор досы аюдың (мишка) әрқашан түрлі қилы оқиғалардан сақтап жүретін шытырман оқиғаларына арналады.

«Маша мен Аю» — әлемдегі ең көп қаралған мектепке дейінгі сериал, оған орташа көрсеткіштен 36 есе көп сұраныс бар. Бұл сонымен қатар әлем бойынша ең көп қаралған бесінші жастар сериясы (0-18), Peppa Pig мультсериалынан сәл алда.

Мультсериал 2009 жылдың 7 қаңтарынан бастап Ресейде көрсетіле бастады. Мультфильм үш өлшемді графиканың көмегімен жасалған.

Қазақстанда көрсетілуі Қазақстанда "Хабар", Ел Арна, НТК, Astana TV, Hit TV, 7 арна, 31 арна арналарынан кәсіби дыбыстаусыз, қазақша субтитрлермен көрсетіл(е)ді. Jibek Joly телеарнасында дыбыстаумен көрсетіл(е)ді.

Дереккөздер

Санат:Ресей мультсериалдары Санат:Ресей мультфильмдері