Хо — Үндістандағы халық, негізінен Джаркханд штатында, Сингхбхум аймағында, сондай-ақ Орисса және Батыс Бенгалия штаттарында тұрады. Жалпы саны 1,2 млн. адам.

Тілі Тілі - мунда тілі. Деванагари жазуын немесе варанг-кшити түпнұсқасын қолданады.

Діні Сенушілер индуистар, кейбіреулері дәстүрлі нанымдарды ұстанады.

Кәсібі Негізгі дәстүрлі кәсіптері – егіншілік (күріш, тары, бұршақ дақылдары), терушілік, аңшылық, балық аулау. Ірі қара мал шаруашылығының (ешкі, қой, сиыр, буйвол) маңызы төмендеуде. Жастар қалаларға кетіп жатыр.

Өмір салты Әр ауылда киелі тоғай, зират, ғұрыптық билер алаңы бар. Қазіргі заманғы хо айтарлықтай әлеуметтік стратификацияға ие, жұмысшы табы мен интеллигенция қалыптасты. Қалыңдыққа төленетін төлем өте жоғары (10-нан 70 бас ірі қараға дейін), мал ақшаға көбірек ауыстырылуда. Бақсылардың, әсіресе әйел бақсылардың рөлі зор.

Сілтеме

Дереккөздер

Санат:Үндістан этникалық топтары