Айбек Қосуақұлы Қосуақов (1975 жылғы 15 қазан; Ұштаған, Маңғышлақ облысы, Қазақ КСР ) — қазақстандық саясаткер, 2022 жылдың 5 сәуірінен бастап Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының әкімі.
Өмірбаяны Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетін «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша және Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетің «Экономист» мамандығы бойынша бітірген.
1997-2001 жылдары - «Қаражанбасмұнай» компаниясында операторы.
2001-2004 - жеке кәсіпкер.
2004-2006 - «Жазық» АҚ атқарушы директоры.
2007 жылдан 2020 жылға дейін «Таушық ауыл шаруашылығы» серіктестігінің басқарма төрағасы.
2012-2016 – Түпқараған аудандық мәслихатының 5-шақырылымының депутаты.
2020 жылдың 21 қаңтары – 2022 жылдың 5 сәуірі – Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының әкімі .
2022 жылғы 5 сәуірінен 2024 жылдың ақпанына дейін - Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының әкімі .
Ескертпелер
Санат:Жаңаөзен әкімдері