Тьыт (тит) — Вьетнамдағы (Биньчитхиен провинциясы) 6,5 мың адамнан тұратын этникалық қауымдастықтар тобы.

Этнонимі Титтер ежелгі Вьетнамның оқшауланған топтарының ұрпақтары деп саналады. Тит ежелгі аустроазиялық субстраттың көптеген ерекшеліктерін сақтайды.

Тілі Олар вьет тілдерінің оңтүстік-шығыс кіші тобының тілдерінде сөйлейді.

Діні Діни ұстанымы: дәстүрлі наным-сенімдерді сақтау (ата-баба культі, анимизм).

Кәсібі 1950 жылдардың соңына дейін титтердің негізгі кәсібі арбалетпен және улы жебемен аң аулау, бұлақтарда қарапайым балық аулау және терушілік болды. Кейде тас құралдар пайдаланылды. XX ғасырдың ортасынан бастап олар егін шаруашылығына (күріш, жүгері, таро, тәтті картоп, темекі) көшіп, құс өсіруді бастады.

Тұрмыс салты Титтерде ақсақалдар басқаратын шағын қауымдастықтар болды. Отбасы шағын, туыстық есеп патрилинейлік. Неке неолокалдық.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары Тит халықтарының дәстүрлі баспаналары лашықтар немесе тау баурайындағы үңгірлер.

Дәстүрлі киімдері Ерлердің дәстүрлі киімі – денені орайтын мата, әйелдердікі – тігілмеген белдемше. Қазіргі кезде вьетнамдықтарға жақын заманауи киімдер киеді.

Дәстүрлі тағамдары Негізгі тағам – жүгері, маниок және күріш. Олар әдетте 2 негізгі тағамнан тұрады. Түскі асқа әдетте қайнатылған маниок пен ямс жейді. Шай ішу - олардың ежелден келе жатқан әдеті. Сонымен қатар, олар арақ ішкенді, темекі шегуді және бетель шайнауды ұнатады.

Сілтеме

Дереккөздер

Санат:Вьетнам халықтары