Зер төгу – 1) алтын, күміс, т.б. қымбат металдардан созылған сымды зерге айналдырып, шығыршыққа немесе саусаққа шумақтап орау. Сымды зерге айналдыру үшін көзі бірте-бірте тарыла беретін “сүмсуір” (яғни сым суырғыш, сымсуыр) аталатын аспап қолданылады. Сымды сүмсуір көзіне кең жағынан енгізіп, тар жағынан тістеуіктің, қысқыштың көмегімен бірте-бірте суырып, шығыршыққа не саусаққа орайды;
2)Зермен кесте тігуді де зер төгу немесе зер шегу деп атайды."Қазақ Энциклопедиясы",4 том 3 бөлім
Дереккөздер
Санат:Ежелгі грек мифологиясы