Бауыржан Момышұлы ескерткіші – Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген монументтік өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Алматы қаласы, Гоголь және Пушкин көшелерінің қиылысында, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақтың шығыс жақ бетінде орналасқан.

Сипаты Ескерткіш Ұлы Отан соғысына қатысушы, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының 100-жылдығын тойлау аясында 2010 жылы ашылды. Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов, батырдың ұлы Бақытжан Момышұлы, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері және батырдың туғандары мен туыстары қатысты. Монумент авторлары — Нұрлан Далбай және Расул Сатыбалдиев.Алматыда даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына ескерткіш ашылды — «ҚазАқпарат», 10.12.2010.

Жиында сөз алғандардың ішінде батыр келіні Зейнеп Ахметова да болды: Атамыздың өмірінің көп бөлігі Алматыда өтті. Алматыда бақилық болды. Қабірі де осында. Ұрпағы да осында өсіп жатыр. Алматыда ашылған атамыздың ескерткіші бізді көп жылдар бойы көксеген арманымызға жеткізді. Жоқтың орны толды. Ризамыз!

Жалпы, Бауыржан Момышұлына Алматыда ескерткіш қою туралы үкіметтің тұңғыш қаулысы сонау 1989 жылы шығыпты. Содан кейін араға бірнеше жыл салып қалалық мәслихаттың қаулысына қол қойылады. Сөйтіп батырдың 100-жылдығына дейін созылды.Батырға ескерткіш орнатылды — «Ақтөбе» газеті, 23.12.2010.

Дереккөздер

Санат:Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Алматы ескерткіштері Санат:Ұлы Отан соғысы ескерткіштері Санат:Алматы сәулеті