Қара Адам () — DC Comics баспасына тиесілі ойдан шығарылған кейіпкер, суперзұлым, кейде антиқаһарман. Алғашқы рет 1945 жылы Fawcett Comics баспасының The Marvel Family #1 шығарылымында Марвел отбасының (Шазам) жауы ретінде жарық көрді. Кейіннен 1970 жылдары Shazam! комикс сериясында ребутты бастан кешті. Бастапқыда Қара Адам Капитан Марвелдың (Шазам) көне мысырлық ізашары болып, одан жеңіліп, қартайғанда қайта бас көтерген жауы ретінде бейнеленіп жүрді. Кейде Суперменнің жауы ретінде де көрсетілді.

2000-жылдардың басында жазушылар Джефф Джонс, Дэвид Гойер және Джерри Одвей Қара Адамның образын өзгертіп оны өз абыройын тазартқысы келетін антиқаһарманға айналдырды. Соңғы онжылдықта JSA, Villains United, Infinite Crisis, және 52 сияқты әртүрлі серияларда негізгі қаһарман ретінде көрінді .

Дереккөздер

Санат:DC Comics кейіпкерлері Санат:Комикс кейіпкерлері Санат:Суперзұлымдар