Қарақалпақстан елтаңбасы (, ) — Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан автономиясының мемлекеттік рәмізі.Гербы Каракалпакстана (орысша) Қарақалпақстан елтаңбалары. heraldicum.ru. 14.11.2021 1993 жылы 9 сәуір күні мемлекеттік елтаңба жайлы заңмен бірге бекітілді. Елтаңба дизайны Өзбекстан елтаңбасы негізінде жасалған.

Өзбекстан және Қарақалпақстан елтаңбаларының ұқсастығы екі республиканың бірлігін білдіреді. Елтаңба дизайнының фонында көтерілген қызыл-сары күн, таулар, Әмудария және Арал теңізі бейнеленген. Елтаңбаның үстіңгі жағында ортасында жарты ай мен жұлдыз салынған көк Рубғ (۞) символы орналастырылған. Елтаңба орталығында мифологиялық Хума құсы бейнеленген. Оның қанаттары жоғары көтеріліп, елтаңбаның төбесіне дейін созылады, қанаттарының сыртында оң жақта бидай және сол жақта мақта баулары салынған. Баулар Өзбекстан және Қарақалпақстан туларының жеңілдетілген нұсқаларымен оралған. Елтаңбаның астында "ҚАРАҚАЛПАҚСТАН" жазуы бар мемлекеттік ту түстерімен боялған таспа орналастырылған.

Тарихи елтаңбалары

Дереккөздер

Санат:Қарақалпақстан мемлекеттік рәміздері Санат:Мемлекеттік елтаңбалар