Ұлттық социалистік неміс жұмысшы партиясы (; қысқартылғанда НСДАП; аударылғандағы аббр. — ҰСНЖП немесе ГҰСЖПКеңес одағы кезінде нацисттік партияның аббревиатурасы неміс тілінен аударылған атауынан — Германияның ұлтшыл-социалистік жұмыс партиясы (ГҰСЖП, ) немесе ҰСНЖП емес, немісше трансляцияның қысқартылып айтылуынан: NSDAP — НСДАП.) — Германияда 1920 жылдан 1945 жылға дейін болған радикалды ұлтшылдық экстремистік саяси партия, нацизмнің идеологиялық тасушысы. 1933 жылдың қаңтарынан — билеуші, ал шілдесінен 1945 жылдың мамырына дейін — нацисттік Германиядағы жалғыз заңды партиясы.1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыста Германияның капитуляциясынан кейін антигитлерлік коалиция кеңесінің шешімі бойынша жойылған.
Тарихы
Кіріспе тарихы нобай|150x150 нүкте|DAP логотипі, 1919—1920 жж. нобай|258x258 нүкте|А. Дрекслер, 1920 жыл
1919 жылдың қаңтарында Мюнхен теміржол депосының шебері Неміс жұмысшы партиясын () негізін қалайды. Партияның ізашары бұрын Дрекслер құрған «Жақсы әлемге жақтас еркін жұмысшылар комитеті» () болды. Партияның алғашқы мүшелері Дрекслердің әріптестері — депо жұмысшылары болды. Негізін қалаушылардың басты идеясы жаңа орта табына қарағанда, жұмысшыларға сүйенетін ұлтшыл партия құру болды. Құрылу кезінде партияның құрамында 40-қа жуық адам болдыHitler: a study in Tyranny by Alan Bullock. 1919 жылы қыркүйектің соңында Адольф Гитлер партия мүшесі болды. 1920 жылдың 24 ақпанында Гитлер «Хофбройхаус» сыра ресторанында «25 пункт» бағдарламасын таныстырды. Бағдарлама бойынша, партияның атауына «ұлтшыл-социалистік» деген сөз қосылды. Басында Гитлер ұйым атауын «Социал-революциялық партия» деп ауыстыруды ойлаған. Алайда сосын «NSDAP» дегенге тоқтадыKonrad Heiden, «Les débuts du national-socialisme», Revue d’Allemagne, VII, No. 71 (Sept. 15, 1933) p. 82. Саяси публицистикада партияны Наци деп атады.
+Германиядағы парламенттік сайлауда НСДАП үшін берілген дауыстар саны (пайызбен) (1924—1933)A New Illustrated History of the Nazis. 2005. стр. 46
1923 жылы 27 қаңтарда Мюнхенде НСДАП бірінші съезі өтті. Партияның барлығы он съезі өтті, олардың соңғысы 1938 жылы болды. 1929 жылы Кобург — НСДАП муниципалды сайлауда абсолютті көпшілік дауыс алған Германияның алғашқы қаласы болдыMan of the Year , TIME Magazine, 2 January 1939.
Партияның соңғы айлары Нацисттік Германия өзінің соңғы айларын сүріп жатқаны. 1945 жылдың 1 сәуірінен бастап НСДАП өзіне соңғы рет жаңа мүшелерді қабылдауды жүргізді: 1926–1928 жылдардың тумаларын. Адольф Гитлер өз-өзіне қол жұмсамас бұрын 30 сәуірде өзінің хатшысы партия істер министрі етіп тағайындады; дегенмен бұған дейін Германия үкіметінде мұндай лауазым болған жоқ. Бұл лауазым іс жүзінде партия Төрағасының орнын алмастырды және Борманға партия бақылауын өз қолына шоғырландыруға мүмкіндік берді. Алайда Германияның соғыста толық жеңілуі және партияның болашақ тағдыры алдын-ала белгілі болды. 1945 жылдың 2 мамырында Мартин Борман хабарсыз кетті.
Идеологиясы Партияның негізгі идеологиясы нацизмСаяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3 — тоталитарлықBracher K. D. Totalitarism., радикалдық, нәсілшілдік, антисемитисттік саяси идеология; фашизмнің ерекше формасыNeocleous, Mark. Fascism. Minneapolis, Minnesota, USA: University of Minnesota Press, 1997 p. 23.. Нацизм өзіне этникалық ұлтшылыдықты, «арий нәсілінің» идеясын, және де оның басқа нәсілге қарағанда биологиялық және мәдениеттік үстемдігін, нәсілдік антисемитизмді («семиттік нәсіл» — еврейлер — гитлер Германиясында антипод, және де неміс халқының ең басты жауы болып саналған), славянофобтық, «арийстік» (неміс халқының) социализмдік, антикоммунизмдық, анти-либералдық және антидемократиялық идеологиясы болады.
Сондай-ақ
Нацизм Фашизм Адольф Гитлер
Дереккөздер Деректер
Түсініктеме
Әдебиет
Санат:Алфавит бойынша саяси партиялар Санат:Германияның бұрынғы саяси партиялары Санат:НСДАП