Пульмонология — тыныс алу жолдары мен өкпенің диагностикасын, ауруларының алдын алуы мен емдеуін қамтамасыз ететін медицина саласы. Пульмонолог емдейтін аурулардың түрлері Өкпе қабынуы (пневмония) - өкпе ұлпаларының қабынуы Туберкулез - Кох таяқшасы тудыратын ауру Бронх қабынуы - бронхылардың шырышты қабықшасының қабынуы Тыныс демікпесі - бронхылардың тарылуынан туындайтын созылмалы ауру Плеврит - өкпеқап жапырақшаларының қабынып зақымдануы Тыныс алу жүйесіне химиялық заттардың түсуінен туындайтын аурулар Өкпе эмфиземасы - өкпе альвеолалары қабырғаларының бұзылуы Биология. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 8-сыныбына арналған оқулық/ Имашпаева Г.А., Зияхметова Н.М., Оспанкулова Э.Б., Хонтай M.K. - Нұр-Сұлтан 80бет

Диагностика әдістері Бронхоскопия Пневмография Томас әдісі Кох байқауы Манту байқауы Штанге байқауы Соколов байқауы Медиастинография Ангиопульмонография Радио-пульмонография Пневмотахометрия —дем алу жылдамдығын өлшеу Трансторакалды көріп түсіну — көкірек қабырғасы арқылы мәлімет алу Шеткі кеңірдек тарамын түтіктеу — кеңірдек тарамы арқылы рентген сәулесі қарама қарсы түтікті өткізу жолымен ауруын тоқтату жине емдеу мақсатымен өкпенің шеткі бөліктерінде орналасқан ауру ошағын көруге рұқсат алуға мүмкіндік беретін әдіс. Бронхальвеолды диагноздық лаваж — кейінгі аспирациямен өкпе субсегментін изотониялық ерітіндімен толтыру жолымен альвеола мен өте ұсак бронхтардың бетінен ақуызды және басқа заттарды алып зерттеу.Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5

Тағы қараңыз Оттектік терапия

Санат:Медицина