Баурчи (молд. Baurci; ) — Молдовадағы Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігі құрамындағы ауыл. Чадыр-Лунг ауданының құрамына енеді.с.Баурчи https://www.gagauzia.md/ru/ato-gagauziya/naselennyie-punktyi/chadyir-lungskij-rajon/s.-baurchi.htmlБаурчи на карте, Молдова https://ru.toponavi.com/61912
Сипаттама Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігінің оңтүстік бөлігінде орналасқан. Комраттан 30 км, Конгаз қаласынан шығысқа қарай 6 км және Чадыр-Лунга қаласынан батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Ауылдың ауданы 76,6 шаршы км. Ауыл арқылы өзі аттас өзен ағып өтеді. Атауы жер бедерінен шыққан: "Байыр" (төбе) және "Ичи" (ішкі), яғни төбе ішінде деген екі сөзден тұрады.Баурчи (Гагаузия) https://stroi-archive.ru/stati/18532-baurchi-gagauziya.html
Халқы 2004 жылғы халық санағы бойынша ауылда 8783 адам тұрса, оның 49,90%-ы ерлер, 50,10%-ы әйелдер. Халықтың ұлттық құрамы: 97,88% - ғағауыздар, 0,60% - молдовандар, 0,50% - орыстар, 0,47% - бұлғарлар, 0,33% - украиндар, 0,17% - сығандар, 0,05% - басқа ұлттар.Баурчи, Гагаузия, АТО http://www.moldovenii.md/ru/city/details/id/1651
Тарихы Тарихшылар А.А.Скальковский, М.В. Маруневич, С.С.Курогло жазбалары бойыншы, Баурчи ауылы 1812 жылы Лунгуца өзенінің аңғарында пайда болды. Ғағауыздардың алғашқы қоныстанушылары Баурчи ауылына 57 адаммен келді. Бірте-бірте ауыл халқының саны өсіп, 1844 жылға қарай ауылда 166 отбасы тұратын 149 үй болды. Ауыл тұрғындары пайдаланатын жер көлемі 6420 гектарды құрады. Осы уақытқа дейін ағаш шіркеу салынды. 1806-1812 жылдардағы орыс-түрік соғысының соңында бітім шарты бойынша Баурчи ауылы Буджак ауданына бекітілді.История села https://www.baurci.md/s-gajdar/istoriya-sela/
1949 жылы ауыл тұрғындарының өтініші бойынша олар алдымен 4 колхозға біріктіріліп, кейін «Октябрьдің 40 жылдығы» колхозы құрылды. Колхоз бидай, жүгері, күнбағыс, жүзім, көкөніс, жеміс-жидек, бұршақ, темекі, тағы басқа дақылдар өсірумен айналысты. Колхозда фермалар салынып, онда ірі қара, қой, құс, шошқа және басқа да мал өсірілді."ГАГАУЗИЯ ПРАВОСЛАВНАЯ". Церковный сайт из Конгаза http://klise.ru/index.php/2011-04-02-16-48-22/196-2011-04-02-16-47-31
Инфрақұрылымы Баурчи ауылының аумағында әлеуметтік нысандар: гимназия,Гимназия села Баурчи https://guogagauzii.md/teoreticheskij-litsej-sela-baurchi бастауыш мектеп,НАЧАЛЬНАЯ ШКОЛА с. БАУРЧИ https://baurchinac.wixsite.com/baurchinac 3 балабақша,Учреждение раннего образования № 3 села Баурчи https://guogagauzii.md/uchrezhdenie-rannego-obrazovaniya-3-sela-baurchi Денсаулық орталығы, Мәдениет үйі,Дом культуры https://www.baurci.md/s-gajdar/dom-kultury/ 2 ауылдық кітапхана қызмет көрсетеді.
Ауылдың инфрақұрылымы мемлекеттік және жеке секторлардың бірқатар мәдени-әлеуметтік нысандарын қамтиды. Ресми түрде әкімдіктің 2007 жылғы мәліметтері бойынша ауылда 34 коммерциялық кәсіпорын, 15 дүкен, 3 диірмен, 3 шағын цех, наубайхана болды.ХАРАКТЕРИСТИКА СЕЛА БАУРЧИ https://gagauzeri.ucoz.ru/publ/kharakteristika_sela_baurchi/1-1-0-4
Дереккөздер
Санат:Молдова елді мекендері