Котовское () — Молдовадағы Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігі құрамындағы ауыл.Котовское (АТО Гагаузия) http://travellers.ru/city-kotovskoe-(ato-gagauziya) Котовское на карте Молдовы, https://kg.maptons.com/3384058
Сипаттама Котовское ауылы - Молдова Республикасының оңтүстігіндегі Буджак даласындағы шағын елді мекен, Комрат ауданына кіреді. Ауыл Комраттан 35 км қашықтықта және Молдова Республикасының астанасы Кишинёвтен 134 км қашықтықта орналасқан.
Ауыл оңтүстік-батыстан Кантемир ауданы Кыет ауылының жерлерімен, оңтүстік-шығыстан – Комрат ауданы Конгаз ауылының жерлерімен шектеседі, солтүстік-шығыс жағында Кантемир ауданы Тараклия ауылы, ал солтүстік-батысында Кантемир ауданының Цолика ауылы орналасқан.
Қазіргі уақытта жерді пайдалану аумағының жалпы ауданы 15,7 шаршы км, бұл аудан алаңының 1,8%-ын құрайды.Все о Комратском районе https://raioncomrat.md/naselennyie-punktyi/selo-kotovskoe/
Халқы 2004 жылғы санақ бойынша Котовское ауылында 989 адам тұрды. (49,44% ерлер және 50,56% әйелдер). Халықтың ұлттық құрамы: 95,45% - ғағауыздар, 2,22% - молдовандар, 1,11% - бұлғарлар, 0,71% - украиндар, 0,40% - орыстар, 0,10% - басқа ұлттар.Котовское, Гагаузия, АТО https://moldovenii.md/ru/city/details/id/1667
Тарихы Котовское ауылы 1878 жылы Кырленен деген атпен құжатталған. Аңызда ауылдың аты осы маңнан жер иеленген ауылдың алғашқы тұрғыны болған шопан Тома Қырланның атымен байланысты дейді.
1924 жылы, қазіргі Котовское ауылының аумағында бірнеше үйлер салынды. Аңыз бойынша, Конгаз қаласының примары Георгий Дончу «Қырланнар» деп аталатын жаңа ауылды тіркеуге қол жеткізді. Ол Бухарестке барып, Румыния үкіметіне жаңа ауылды тіркеу туралы өтінішпен жүгінді.
Котовское ауылының жеке елді мекен ретіндегі тарихы Молдаван КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1983 жылғы 28 қаңтардағы Жарлығына сәйкес 1983 жылдан басталады. Молдова Республикасының 1994 жылғы 7 ақпандағы No 310-XIII «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңы негізінде Котово ауылдық кеңесінің атқару комитеті примэрия болып өзгертілді. Гагауз автономиясы құрылғаннан кейін, жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша Котовское ауылы Ғағауыз автономиялық аумақтық бірлігі құрамына енді.
Инфрақұрылымы Ауылда 10 шаруашылық субъектісі тіркелген, оның ішінде 3 ауылшаруашылық кәсіпорны, 1 диірмен, 1 өнеркәсіп және қайта өңдеу кәсіпорны, 4 сауда кәсіпорны, 4 азық-түлік дүкені, т.б.
Котовское ауылының аумағында әлеуметтік нысандар:Географическая справка с. Котовское https://www.gagauzia.md/ru/administracziya-regiona/primarii/primariya-s.-kotovskoe.html 1 мектепке дейінгі мекеме,Учреждение раннего образования села Котовское https://guogagauzii.md/uchrezhdenie-rannego-obrazovaniya-sela-kotovskoe 1 гимназия,Гимназия им. И. Сынку с. Котовское https://guogagauzii.md/gimnaziya-im-i-synku-s-kotovskoe мәдениет үйі, 2 кітапхана, отбасылық дәрігерлер кабинеті православие шіркеуіПраздничное богослужение в честь обновления храма http://gbm.md/index.php/2-uncategorised/42-kotovskoe бар.
Дереккөздер
Санат:Молдова елді мекендері