Үбі жотасы – Кенді Алтайдың батысындағы жота.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы және Риддер қалалық әкімдігіне қарасты жерінде орналасқан.

Жер бедері Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 120 км-ге созылып жатыр. Батысынан (600 м) шығысына қарай (1812 м) биіктей түседі. Жота кристалды тақтатас, әктас, граниттен түзілген.

Өсімдігі Батыс бөлігіндегі беткейдің етегін дала өсімдіктері, шығысын шыршалы-самырсынды, кей жерлерін көктеректі-қайыңды орман алып жатыр. Кен байлықтарынан қорғасын, мырыш, мыс, құрылыс материалдары өндіріледі.АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Глубокое ауданы таулары Санат:Риддер қалалық әкімдігі таулары