Астана жеңіл метрополитені (Астана LRT, ресми атауы — Тарлан-Астана)Астана ЛРТ ресми түрде атауын өзгертті — Қазақстанның елордасы Астанадағы жерүсті жеңіл рельсті метро жүйесі. Бұл Қазақстандағы екінші (Алматы метрополитенінен кейін) және Орталық Азиядағы үшінші (Ташкент пен Алматыдан кейін) қалалық жоғары жылдамдықты рельсті көлік жүйесі. Жүйе толығымен жер үсті және эстакадада орналасқан, автоматтандырылған (GoA4 деңгейі).

2026 жылғы 16–17 мамырларда бірінші желісі іске қосылды. Жүйе қаланың солтүстік-оңтүстік бағытын қамтиды: Астана Нұрлы жол теміржол вокзалынан халықаралық әуежайға дейін.

Тарихы ЖылОқиға2005Астана әкімдігі «Астананың жаңа транспорттық жүйесі» бағдарламасын қабылдады. Жерасты метросы мен монорельс сияқты нұсқалар қарастырылды, бірақ шығындарды оңтайландыру үшін жерүсті және эстакадалық нұсқа таңдалды.2008Astana LRT компаниясы құрылады. 2010Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов елордада LRT салу жоспарын жариялады. Жоба көлік кептелісін азайтып, ескі теміржол вокзалын жаңа әкімшілік орталықпен байланыстыруы тиіс болды. Ұзындығы 61,1 км болатын желіні төрт кезеңмен салу жоспарланды.2011LRT құрылысының капсуласы салтанатты түрде қойылды. Жалпы ұзындығы 41,81 км болатын үш желі жобаланды. Бірінші желі әуежайды Abu Dhabi Plaza кешенімен, кейін жаңа вокзалмен байланыстыруы тиіс еді.2012Францияның Alstom компаниясы EXPO-2017 көрмесіне арнап 3 желі, 42 аялдама және 50-ге жуық трамвайдан тұратын жоба ұсынды.2013Президент Нұрсұлтан Назарбаев француз компаниялары ұсынған LRT жобасының қымбат екенін айтып, оның орнына BRT (жылдам автобус жүйесі) жобасын қарастыруды тапсырды.2015Қытай компанияларымен (China Railway International Group және басқалары) 1,5 млрд доллар көлеміндегі несие келісімге қол қойылды. Соның 344 млн доллары құрылыс жұмыстарына жұмсалған. Негізгі жұмыстар EXPO 2017 дейін аяқталуы тиіс болатын.2015«Астанагенплан» ұйымы LRT құрылысы 2020 жылдан кейін басталатынын мәлімдеді. Желі әуежайдан EXPO аумағы арқылы жаңа теміржол вокзалына дейін созылуы тиіс болды.2016Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков LRT жобасының жүзеге асатынын растады. Жол жүру бағасы 200 теңге болады деп хабарланды.2017Әсет Исекешев Қытайда LRT жобасын талқылады. Компания өкілдері LRT тәулігіне 146 мың жолаушы тасымалдай алады деп мәлімдеді.2018Жобаның жалпы құны 1,887 млрд доллар деп жарияланды. Ұзындығы 22,4 км болатын желіні қытайлық компаниялар салатын болды. Сол жылы құрылысқа 16,2 млрд теңге бөлінді. Кейін Astana Banki-де LRT-ға арналған 200 млн доллар «тұрып қалғаны» белгілі болды.2019Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты құрылыс тоқтатылғанын айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жобаны сынға алып, Үкіметке мәселені түпкілікті шешуді тапсырды. Алтай Көлгіновке жобаны аяқтау үшін инвестор іздеу міндеті жүктелді.2020«Астана LRT» компаниясы атауын City Transportation Systems (CTS) деп өзгертті.2021–2023LRT жобасына қатысты сыбайлас жемқорлық істері бойынша сот процестері өтті. Бірқатар бұрынғы шенеуніктер мен компания басшылары жауапқа тартылды.2024–2025Құрылыс жұмыстары жалғасты. Алғашқы вагондарды дайындау және рельс төсеу жұмыстары жүргізілді. 2025 жылы халықаралық іздеуде жүрген Талғат Ардан Түркияда ұсталды.202616–17 мамыр күндері алғашқы бағыты бойынша іске қосылып, пайдалануға берілді.

Қаржыландыру нобай|Астана қаласындағы салынып жатқан LRT көрінісі (2019 жыл)|500x500 нүктеЖоба негізінен Қытайдың даму банкінің (China Development Bank) кредиті есебінен қаржыландырылды. 2015 жылы 1,6 млрд АҚШ доллары көлемінде несие берілді. Қазақстан үкіметі бұл несиеге кепілдік берген. Қытай консорциумы (China Railway International Group және басқалары) жалпы мердігер ретінде тартылды. Құрылыс барысында қаражаттың бір бөлігі «Банк Астана» АҚ арқылы өткен, кейін банктің банкроттығына байланысты бірнеше миллиард теңге жоғалды (әртүрлі деректер бойынша 257 млн долларға дейін). Кейін мемлекет бұл қаражаттың бір бөлігін қайтарды.

2015 жылы 7 мамырда China Railway International Group Co., Ltd. және Beijing State-Owned Assets Management Co., Ltd. компаниялары «Астана LRT» ЖШС-мен Астана жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесінің бірінші кезеңін салуға арналған EPC-келісімшартқа қол қойды. Кейін 2015 жылғы 31 тамызда Қытайдың Даму Банкі (CDB) жобаға 1,6 млрд доллар көлемінде несие беруге келісті. Несие 20 жыл мерзімге, 3 жылдық жеңілдік кезеңімен және LIBOR + 2,5% мөлшерлемесімен рәсімделді. Қазақстан үкіметі қарызға мемлекеттік кепілдік берген.

«Астана LRT» ЖШС 2011 жылы Астана қаласының меншігіндегі арнайы жобалық компания ретінде құрылды. Сол жылы Alstom жетекшілік еткен халықаралық консорциум LRT салу келісімшартын жеңіп алып, Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы 4 шілдеде іргетасын қалаған болатын. Алайда жоба қымбаттығына байланысты тоқтатылып, кейін қытайлық компаниялардың қатысуымен қайта жанданды.

Жоба ұзындығы 22,4 км болатын және әуежайдан «Нұрлы жол» теміржол вокзалына дейін созылатын 18 станциялы желіні қамтыды. Бағыт Назарбаев университетін, Abu Dhabi Plaza кешенін және Үкімет үйін байланыстыруы тиіс еді. Жобаның жалпы құны шамамен 1,8 млрд доллар деп бағаланды. Күніне орта есеппен 150 мың жолаушы тасымалдау жоспарланды.

Құрылыс 2017 жылғы 22 мамырда басталды. LRT желісін EXPO-2017 көрмесіне дейін аяқтау жоспарланғанымен, қаржылық қиындықтар мен кешігулер салдарынан жұмыс баяу жүрді. 2018 жылға қарай құрылыс тек 23%-ға орындалған. Қытай Даму Банкі бөлген қаражаттың бір бөлігі жобаға жұмсалмай, Astana Banki-дегі есепшотта сақталған. Кейін банк лицензиясынан айырылып, қаржы мәселелері туындады. Осыдан кейін CDB 2018 жылы жобаны қаржыландыруды тоқтатты.

Жоба EXPO-2017 халықаралық көрмесіне дейін аяқталады деп жоспарланғандықтан, бастапқы межелі мерзім ретінде 2017 жылғы 9 маусым белгіленген. Қытай Даму Банкі (CDB) берген 1,6 млрд долларлық несие бойынша пайыздық мөлшерлеме LIBOR + 2,5% болған. AidData ұйымы 2015 жылғы орташа 6 айлық LIBOR көрсеткішін (0,519%) есепке алып, жалпы мөлшерлемені шамамен 3%-дан жоғары деп бағалаған.

2019 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жобаға байланысты сыбайлас жемқорлық фактілерін тексеруді тапсырды. Ол жобаны «экономикалық тұрғыдан түсініксіз» деп атады. Соған қарамастан, шығындардың көп болуына байланысты Қазақстан жобаны толық тоқтатпай, оны ішкі облигациялар есебінен қаржыландыруды жалғастырды.

2020 жылғы 26 шілдеде «Астана LRT» ЖШС атауын City Transportation Systems (CTS) ЖШС деп өзгертті. Компанияның 2019 жылғы қаржылық есебінде Қытай Даму Банкінен алынған 1,6 млрд долларлық қарыздың сол жылы өтелгені көрсетілген.

Кейін жоба қайта қаралып, станциялар саны 18-ден 11-ге қысқартылды. Қытай Даму Банкінен алынған қарыздың көлемі де шамамен 344 млн долларға дейін азайтылып, қайта құрылымдалды. Алайда 2021 жылға қарай жоба әлі аяқталмаған еді, ал аяқталмай қалған бетон тіректер жергілікті тұрғындар арасында «жемқорлық ескерткіші» деп атала бастады.

2019 жылдың жазында Қазақстан Премьер-министрінің бірінші орынбасары әрі қаржы министрі Әлихан Смайылов LRT құрылысына Қытайдың мемлекеттік даму банкінен 1,5 млрд доллар қарыз алынғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, соның 344 млн доллары құрылыс жұмыстарына жұмсалған.

Алайда мердігерлер мәселелеріне байланысты Қытай банкі жобаны қаржыландыруды тоқтатқан. Осыған байланысты Қазақстан үкіметі құрылысты аяқтау үшін қосымша 1,2 млрд доллар бөлу мүмкіндігін қарастырған.

2026 жылғы республикалық бюджетті ЛРТ-ға 66 млрд теңге қарастырылған. Қала әкімдігі бұл қаражат қосымша құн салығын төлеуге бағытталатынын хабарлады.

Техникалық сипаттамасы Астана ЛРТ — қаланың көлік кептелісін азайтуға, экологияны жақсартуға және тұрақты дамуға бағытталған маңызды жоба. Ол Астананың халықаралық имиджін көтереді және Орталық Азиядағы алғашқы автоматтандырылған жеңіл метро жүйесі. Жобаның одан әрі кеңеюі жоспарлануда. Жоба Қытай инвестицияларымен және қазақстандық қаражатпен жүзеге асты. Бастапқыда 1,8 млрд долларға жуық қаражат тартылған.

Астана (LRT) жолаушылар тасымалының бекітілген ережелерге сәйкес, жолаушылар жол жүру билетін сапар соңына дейін сақтауға міндетті. Жарамсыз билет пайдаланған немесе жолақысын төлеуден бас тартқан адамдар жақын станцияда түсіріледі. 7–15 жас аралығындағы балаларға билет құнына 50% жеңілдік қарастырылған. Ал 7 жасқа дейінгі бір баланы ересек адам тегін алып жүре алады. LRT арқылы көлемі 180 см-ден асатын, салмағы 60 кг-нан ауыр жүктерді және ұзындығы 190 см-ден асатын заттарды тасымалдауға болмайды. Астана қаласының мектеп оқушылары мен арнайы жеңілдіктері бар азаматтарға жол жүру тегін. Жол жүру тарифі 200 теңге болады Оператор — «City Transportation Systems» (ТОО «CTS»).

Жүйе жолаушыларға қатты ауа-райы жағдайында (суық қыс, ыстық жаз) ыңғайлы болу үшін жабық станциялармен жабдықталған. Астанадағы LRT желісінде 187 жарықдиодты бағдаршам орнатылды. Олар станцияларда, жол аралықтарында және депода орналасқан.

Желі саны: 1 (тағы 2 жобалануда). Станциялар саны: 18. Жалпы ұзындығы: 21,5 – 22,4 км. Жол ені: 1435 мм (стандартты еуропалық колея). Орташа жылдамдық: 50 км/сағ. Максималды жылдамдық: 80 км/сағ. Пойыздар: 19 дана «TRITON» (CRRC Tangshan, Қытай) құрамы, 4 вагоннан тұрады. Әр құрамда ~652 жолаушыға арналған орын. Депо: 1 (әуежай маңында). Басқару: Толық автоматтандырылған (driverless).

Маршрут

Бірінші бағыт (Line 1) – Аэропорт – Нұрлы жол Солтүстік-оңтүстік бағыты: Астана Нұрлы Жол вокзалынан — қаланың жаңа орталығы (сол жағалау) арқылы — Әуежайға дейін. Негізгі станциялар (2025 жылы бекітілген атаулар): Әуежай (Airport) Атамекен Есіл Мәңгілік Ел Астана жұлдызы Нұра Университет Ұлы Дала Астана Арена Жекпе-жек сарайы Сығанақ Бәйтерек Министрліктер үйі Ұлттық мұражай Театр Мыңжылдық аллеясы Жібек жолы Нұрлы жол

Күндізгі жолаушы ағыны: шамамен 25–30 мың адам (жоспар бойынша бастапқыда 146 мыңға дейін).

Екінші бағыт (Line 2) – Астана – Қосшы Екінші бағыт Астана мен Қосшы қалаларының арасында салынатын болды. Негізгі геологиялық жұмыстар 2026 жылдың 3 мамырында басталды Мамыр айында алғашқы бетон бағана құйылды. Қосшыға дейін 300 баған, 538 темір-бетон эстакада бағандары, сегіз монолит баған дайындау жоспарланған.LRT екінші кезегі аясында алғашқы тірек құйылып, алғашқы темірбетонды құрастырмалы арқалық дайындалды.

Үшінші бағыт (Line 3) – Сығанақ – Астана-1 теміржол вокзалы

Жемқорлық дауы Астана жеңіл метрополитені (ЛРТ) жобасы Қазақстандағы ең ірі коррупциялық істердің бірі ретінде белгілі болды және «коррупция ескерткіші» деген атқа ие болды. Жобаның құрылысы барысында бюджет қаражаты мен кредит қаражатын жымқыру фактілері анықталды, бұл құрылыстың ұзаққа созылуына және қосымша шығындарға әкелді.

2017–2019 жылдары жоба бойынша жемқорлық шу шықты. Тергеу нәтижесінде ЛРТ жобасын жүзеге асыру кезінде 5,8 млрд теңге (шамамен 11–15 млн доллар) жымқырылғаны анықталды. Айыптаулар бойынша, шенеуніктер мен компания басшылары бюджет қаражатын ұрлау үшін алдын ала сговор жасаған.

Талғат Ардан — ТОО «Астана LRT» компаниясының бұрынғы төрағасы (2014–2017 жж.). Ол істің негізгі фигуранты болды. 2019 жылы халықаралық іздеуге салынды, 2024 жылы заочно 7–9 жылға бас бостандығынан айырылды (қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және жымқыру бабы бойынша). 2025 жылы Түркияда (Анталия) ұсталды. Ол жобаның басшысы ретінде қаражаттың тиімсіз жұмсалуына және жымқыруға қатысы бар деп айыпталды. Қанат Сұлтанбеков — Астана әкімінің бұрынғы орынбасары. Арданмен бірге істің ұйымдастырушысы деп аталды, іздеуде болды.

2021 жылы сот 7 адамды (ортаңғы буын шенеуніктер мен қызметкерлер) 7–10 жылға соттады. Олар жоғары лауазымды адамдардың бұйрығымен әрекет еткендерін мәлімдеді және жобаның кураторларын (Иманғали Тасмағамбетов, Серіқ Ахметов, Ерболат Досаев, Бақытжан Сағынтаев, Асет Исекешев, Асқар Жұмағалиев, Болат Жәмішев, Әділбек Жақсыбеков және басқалар) сотқа шақыруды талап етті.