Аталық — Ақмола облысы Біржан сал ауданындағы ағынсыз көл. Яблоновка ауылынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан.

Гидрологиясы 20 ғасырдың 50-жылдарының ортасына таман көл суының деңгейі азайып, тартылып қалды. Көл табанына жиі-жиі су жиналып отырады.

Өсімдігі Табанында қамыс өскен. Көл аумағы Аталық қорықшасына кіреді. Көктемде үйрек, дегелек, тырна ұя салады.

Санат:Біржан сал ауданы көлдері