Ділдәгүл Омарбекова (5.5.1954, Бөген ауданы (қазіргі Ордабасы ауданы), Қызылжар ауылы) – ауыл шаруашылығының маманы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1980).

Орта мектепті бітірген соң ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Шымкент кеңшар-техникумын, Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. 1986 жылы Бөген ауданы партия комитетінің нұсқаушысы, 1987 жылы Октябрь кеңшарының партия комитетінің хатшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта «Қызылжар» шаруа қожалығының төрайымы.

КОКП-ның 26-съезіне делегат болып сайланған.

«Құрмет белгісі» орденінің иегері.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Сілтемелер

Санат:5 мамырда туғандар Санат:Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаттары Санат:1954 жылы туғандар Санат:Ордабасы ауданында туғандар Санат:Шымкент кеңшар-техникумы түлектері Санат:Қазақстан КП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері