First Heartland Jusan Invest акционерлік қоғамы (бұрынғы «Цесна-Капитал» АҚ) — қазақстандық инвестициялық және брокерлік компания. Бұл «First Heartland Jusan Bank» АҚ 100% еншілес компаниясы. 2004 жылдан бастап брокерлік және депозитарлық қызметті жүзеге асырып, құнды қағаздарды басқару бойынша қызмет көрсетеді. Компания басқарма төрағасы – Максим Кабанов.
Тарихы 2004 жылы құрылды.
Операциялар Компанияның құнды қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару, брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар. Компания цифрлық онлайн брокер ретінде позицияланады. Биометрияны пайдаланып Jusan мобильді қосымшасында брокерлік шотты ашуға және инвестициялық портфельді басқаруға болады. Компания құрылғаннан бері жалпы сомасы 650 миллиард теңгеден астам облигациялар шығарған.
2021 жылдың ақпан айында «First Heartland Jusan Invest» АҚ Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен кастодиандық келісімге қол қойды. Жинақтаушы зейнетақы салымшыларының активтері эмиссиялық және борыштық құнды қағаздарға, оның ішінде биржалық қорларға (ЕТҚ), акцияларға, облигацияларға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттарына, орта мерзімді Қазақстанның егемендік облигациялары, сондай-ақ бағалы металдарға инвестициялай алады.
Қаржы көрсеткіштері Компанияның жарияланған және төленген жарғылық капиталы 3 млрд теңгені, меншікті қаражат көлемі 7,4 млрд теңгені құрайды (01.10.21 ж.). Таза пайда – 835 млн теңге.
Марапаттар 2021 жылы компания британдық Global Banking & Finance Review журналының «Asset Management Company of the Year Kazakhstan 2021» номинациясында және «Үздік онлайн брокер» номинациясында CbondS Awards CIS ақпараттық агенттігінің марапаттарын алды.
Дереккөздер
Сілтемелер jusaninvest.kz — «First Heartland Jusan Invest» АҚ ресми сайты Зейнетақы активтері: екі компания басқару келісіміне қол қойды Қазақстандықтар зейнеткерлікке шыққанға дейін жинақтарынан инвестициялық кіріс ала алады Нурфин рейтингі: қор нарығында қандай компанияның акцияларын сатып алған тиімді
Санат:Қазақстан компаниялары