Қаратас – Қаратау тауларының солтүстік-шығыс бөлігіндегі шоқылы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылының шығысында 20 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 864 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 10,5 км созылған, енді жері 1,5 км. Беткейі жайпақ, көптеген ұсақ шоқылардан тұрады. Етегіндегі жартастардың биіктігі 4-6 м-ге жетеді. Батысында Серікбай, солтүстігінде Жамантас, шығысында Ақшоқы таулары бар.
Геологиялық құрылымы Девон жыныстары және элювийлі-делювийлі шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі Тауалдының қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында сұлыбас, жусан, боз, бетеге аралас әр түрлі бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары