Аргоббалар — Шығыс Эфиопияны мекендейтін халық. Олар негізінен Аддис-Абебаның солтүстігінде орналасқан тарихи Йифат аймағында тұрады. Саны 15 мың адам (1983).

Тілі Амхар тілінің диалектісінде сөйлейді.

Діні Аргобба халқы діні бойынша сунниттік мұсылмандар. Халықтың бір бөлігі христиандар.

Кәсібі Негізгі кәсібі – жасанды суару арқылы егіншілік, мал шаруашылығымен айналысады. Бау-бақша шаруашылығы дамыған.

Өмір салты Немере туыстар бойынша неке ең тиімді болып саналады. Басқа этникалық топтардың өкілдерімен неке (экзогамия) қабылданбайды, өйткені аргоббалар өздерінің мәдени болмысын сақтауға мүдделі. Көп әйел алуды бай тайпа өкілдерінде.

Дәстүрлі киімдер - сәлде, мундир және орамалдарды кейбір адамдар өздерінің діни ерекшеліктерін және этникалық топтарын көрсету үшін киеді.

Дереккөздер

Санат:Эфиопия халықтары