Қызылқабан – Ызақұдық құмды алқабының солтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Түркістан облысы Отырар ауданы Дарбаза ауылының солтүстік-шығысында 13 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 458 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 11 км-ге созылған, енді жері 2,5 км. Жонды қырқалы келген, беткейі көлбеу, ұсақ төбелерден тұрады. Оңтүстігінде Белтау жотасы, солтүстігінде Бақыршасай, батысында Шығанақсай, шығысында Тағансай жыралары бар.

Өсімдігі Таудың сұр қоңыр топырақ жамылғысында қияқ, қоңырбас, жусан, баялыш, күйреуік, т.б. өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Отырар ауданы таулары