Юкон ( , ) — Канаданың солтүстік-батысында орналасқан территория. Юкон Канаданың үш территорияларының ішіндегі ең кішісі және ең батыста орналасқан территория болып табылады. Сондай-ақ, 2021 жылғы халық санағы бойынша 40,232 тұрғынмен Юкон Канаданың халқы ең аз екінші провинциясы немесе территориясы болып табылады. Юконның астанасы Уайтхорс үш территориялардың ішіндегі ең ірі елді мекен болып табылады.

Сөз төркіні Территория Юкон өзенінің атымен аталған, бұл өзен Юкондағы ең ұзын өзен болып табылады. Атаудың өзі Гвичин тіліндегі chųų gąįį han сөз тіркесінің қысқаруынан шыққан және «ақ сулы өзен» деген мағынаны білдіреді."Dear Sir, I have great pleasure in informing you that I have at length after much trouble and difficulties, succeed[ed] in reaching the 'Youcon', or white water River, so named by the (Gwich'in) natives from the pale colour of its water. ..., I have the honour to Remain Your obt Servt, John Bell" Hudson's Bay Company Correspondence to George Simpson from John Bell (August 1, 1845), HBC Archives, D.5/14, fos. 212-215d, also quoted in, In Gwich'in, adjectives, such as choo [big] and gąįį [white], follow the nouns that they modify. Thus, white water is chųų gąįį [water white]. White water river is chųų gąįį han [water white river].

Демография Халық саны 2016 жылғы халық санағы бойынша Юконның халық саны 35,874 құрады, бұл 2011 жылға қарағанда 5.8 пайызға көп. 2011 жылы 474,712 км² жер аумағымен Юконның халық тығыздығы 0.1/km² құрады, бұл Канаданың үш территорияларының ішіндегі ең көп көрсеткіш. Канада статистикалық басқаруы Юконның 2021 жылғы 3-тоқсандағы халқын 43,095 деп бағалады, бұл 2016 жылғы санақпен салыстырғанда 17,5 пайызға көп. Бұл Канаданың кез келген провинциясы немесе территориясы үшін ең үлкен пайыздық өсім.

Ұлты + Юконның ең ірі этникалық топтар (2016 жылғы санақ)#ҰлтСаныПайыз1Ағылшындар9,68027.57%2Канаданың жергілікті халқы (Үндістер)8,66524.68%3Канадалықтар8,64024.61%4Шотландтықтар8,29523.63%5Ирландықтар6,93019.74%6Немістер5,57515.88%7Француздар5,04014.35%8Украиндар2,2006.27%9Нидерландтықтар1,7605.01%10Норвегтер1,3803.93%

Тілі + Юконда ең көп таралған ана тілдер (2011)#ТілХалық саныПайыз1.Ағылшын28,06582.9%2.Француз1,4554.3%3.Неміс8052.4%4.Тагаль4251.3%5.Каска2650.8%6.Солтүстік Тутчоне2000.6%7.Испан1800.5%8.Оңтүстік Тутчоне1400.4%9.Нидерланд1300.4%10.Қытай1300.4%

Діні Юкондағы діни сенімдер (2011 жылғы санақ) Дін Ұстанушылар саны Жалпы халық санынан пайызыДінсіздер 16,63549.92%Христиандар 15,37546.14%Аборигендік діндер 3951.19%Буддистер 2900.87%Индустар 1650.5%Сикхтар 900.27%Мұсылмандар 400.12%Иудейлер 200.06%Басқа діндер 3000.9%Жалпы33,320100%

Дереккөздер

Санат:Юкон территориясы