Дүйсенбай Әшірбаев (9.8. 1911 жыл, Төле би ауданы, Бейнеткеш ауылы) - қоғам қайраткері.

Еңбек жолын 16 жасында мал бағудан бастаған. 1932 жылы механизаторлар курсын бітіріп, 1940 жылға дейін МТС-та механизатор болып жұмыс істеген. 1940 – 1977 жылы Бейнеткеш ұжымшарында трактор бригадасының бригадирі болып еңбек етті. 1946 жылы Ленин орденімен марапатталды. Сол жылы Қазақ КСР Кеңесіне депутат болып сайланды. 1949 – 1950 жылдары 2 рет Мәскеудегі бүкілодақтық көрмеге қатысқан. 1951 жылы 2-рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланды.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:9 тамызда туғандар Санат:1911 жылы туғандар Санат:Төле би ауданында туғандар Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Механизаторлар