Қарасеңгір – Ақшатау жотасының солтүстік-шығысындағы шоқылы тау.
Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Қоңыртау ауылының солтүстігінде 4 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 954 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 4 км. Беткейі тіктеу, бірнеше ұсақ шоқыаралық сай-жыралармен тілімделген. Таудың беткі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Шығысында Изембай, Сарыжомарт қыстаулары орналасқан.
Өсімдігі Етегіндегі қоңыр топырақ жамылғысында далалық өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965- 893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Аягөз ауданы таулары