Сасырлы – Арқарлы тауы мен Ақдала қонысының аралығындағы тау.
Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кенішінің оңтүстік-шығысында 45 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 655 м, салыстырмалы биіктігі 40-55 м. Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта 12 км-ге тізбектеле созылған, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Солтүстік етегінде қиыршықтастың үйінділері кездеседі. Батысында Киіктау, солтүстігінде Қызылтас, оңтүстігінде Көкбұлақ таулары, шығысында Суықбұлақ құдығы бар.
Өсімдігі Сұр қоңыр топырақ жамылғысында боз жусан, тобылғы, қараған, қылқан селеу, бетеге, т.б. өсімдіктер өседі.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Жаңаарқа ауданы таулары