Қосшы – Бұғылы тауларының оңтүстік-батыс бөлігіндегі тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы С.Сейфуллин кентінің солтүстік-шығысында 6 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1099 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 11 км-ге созылған, енді жері 6 км. Беткейі жарқабақты, қатты тілімденген. Батысынан Байқара, оңтүстік-шығысынан Өңірек өзендері бастау алады.
Геологиялық құрылымы Орта және жоғарғы тас көмір дәуірінің гранитоидты жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Тауалдының сұр, бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында тобылғы, қараған, жусан, селеу, т.б. өсімдіктер өседі. Оңтүстік етегінде бұталы тоғай кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары