Қарақұс – Қызылтау тауларының солтүстігіндегі шоқылы таулар.
Географиялық орны Қостанай облысы Арқалық қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан. Терісаққан өзенінің аңғарында.
Жер бедері Ең биік жері Шарықты тауы (397 м). Батыстан шығысқа қарай ендік бағытта тізбектеле созылған шоқылы таулардың ұзындығы 22 км, енді жері 14 км шамасында. Тау жұрнақтары жалаңаштанып, беткейлері сай-жыралармен тілімденген.
Геологиялық құрылымы Төменгі тас көмір кезеңінің жыныстарынан түзілген. Солтүстігінде Қойкөмген, Қосшоқы, шығысында Миялы, оңтүстік-шығысында Лек төбелері, батысында Жаркөл, Шойындыкөл көлдері орналасқан. Тау баурайындағы бұлақтардан Шабдар өзенінің салалары бастау алады.
Өсімдігі Карбонатты қоңыр топырақ жамылғысында ксерофитті әр түрлі бетеге, селеу аралас өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Арқалық қалалық әкімдігі таулары