Қойтас – Ақмола облысы Ерейментау ауданының оңтүстік-шығысындағы таулар тізбегі. Оның оңтүстік жалғасы Ақшоқы (670 м) тауына ұласады.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 625 м. Оңтүстіктен солтүстікке қарай 7-8 км-ге созылған, ені 4 км-ге жетеді. Төбесі доғал пішінді аласа таудың беткейлері эрозиялық-тектоника әсерінен қатты тілімделген. Батыс беткейі тіктеу келген. Бұл жерлерде түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Шығыс беткейі сай және өзектермен қатты тілімделген. Тау басында биіктіктері 531, 557 және 587 м болатын бірнеше шың айқын көрінеді.
Геологиялық құрылымы Девон тау жыныстарынан түзілген жер қыртысын қиыршықтасты және кесектасты элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан.
Өсімдігі Нашар дамыған қызғылт қоңыр топырағында бозды-сұлыбасты шөптесіндер өскен. Кейбір жерлерінде қараған шоғырлары кездеседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары