Болат Мұқышұлы Әбілов (15 қыркүйек 1957, Қарағанды) — қазақстандық кәсіпкер және саясаткер.
Өмірбаяны 1957 жылдың 15 қыркүйегінде Қарағанды қаласында кеншілер отбасында дүниеге келді. 1979 жылы Қарағанды политехникалық институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша тәмамдады.
Арғын тайпасының Қуандық руының Қареке бөлімінен шыққанАлтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014. Тау-кен жұмысшысы, тау-кен шебері. Костенко "Қарағандыкөмір" ӨБ (1979-1985); ҚазКСР Мемкенқадағалаукомы көмір өнеркәсібінің жетекші маманы (1986-1988); "Тенгизнефтегазстрой" бойынша жетекші маман (1989); "Арай" жақ жетекші маманы, бөлім бастығы (1989-1990); "Рахат" МП директорының орынбасары, "халықтың мәдениеті мен руханиятын қорғаудағы" республикалық ақша-заттық лотерея директоры (1990-1991); "BUTYA" фирмасының бас директоры, "BUTYA" ЖАҚ президенті (1991-2000)
Басқа лауазымдар: Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі (1994-1996); *Қайрат-Бутя" футбол клубының президенті (1997-1999); "Сорос-Қазақстан" қорының Басқарма мүшесі (1998-1999); Қазақстан Меценаттар Клубының Президенті (11.2000 бастап); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі (09.2001-07.2002); "Меншікті пікір" ток-шоуының жүргізушісі, "31-арна" ТРК (09.2002-12.2003); Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Жармахан Тұяқбайды қолдау жөніндегі сайлау науқанының жетекшісі (09.2005-12.2005)
Сайланбалы қызметтері, депутаттық: ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты (03.2000-12.2001); 2-ші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және Өңірлік даму комитетінің мүшесі (10.1999 жылы "Отан" партиясының тізімі бойынша дауысқа түсті ,м. т. Оспановтың қайтыс болуына байланысты депутаттық мандат алды (03.2000), "Отан" партиясынан шығуына байланысты депутаттар құрамынан шығарылды (12.2001); V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның партиялық тізімі бойынша Кандидат (09.12.2011)
Партияға қатыстылығы: "Отан" партиясы саяси кеңесінің мүшесі (11.1999-12.2001); "Қазақстанның демократиялық таңдауы" РҚБ Саяси кеңесінің мүшесі (11.2001-11.2003); Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясының тең төрағасы (03.2002-03.2005); "Ақ жол" ҚДП Орталық Кеңесі Президиумының төрағасы (11.2003-03.2005); Қазақстанның демократиялық күштері Үйлестіру кеңесінің мүшесі (10.2004 ж. бастап); "ЗСК" РҚБ Кеңесі Президиумының мүшесі (03.2005 ж. бастап); Қазақстанның "Нағыз АҚ ЖОЛ" Демократиялық партиясының тең төрағасы (04.2005-02.2008); "Азат" ҚДП төрағасы ("Нағыз Ақ ЖОЛ") (02.2008-10.2009); "Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы (2009-2013)
Отбасы Әйелі: Әбілова (Күзембаева) Айгүл Ғазизқызы Балалары: қыздары-Жәмилә (1987 жылы туған), Кәмилә (1989 жылы туған); ұлы - Дінмұхамед (1994 жылы туған)
Сілтемелер Абилов Булат Мукишевич
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан партияларының төрағалары Санат:Қазақстан қаржыгерлері Санат:Қазақстан меценаттары Санат:КОКП мүшелері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің II шақырылымының депутаттары