Сарышоқы – Баянауыл жəне Қызылтау таулары аралығындағы аласа тау.

Географиялық орны Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жүсіпбек Аймауытов ауылының солтүстік-батысында 23 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 554 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейлері тіктеу бірнеше ұсақ шоқылардан тұрады. Батысында Қаражал, шығысында Итарқа, оңтүстік-батысында Жақсы Сарытау таулары бар.

Өсімдігі Тауалдының қиыршықтасты қоңыр топырақ жамылғысында қараған, тобылғы бұталары аралас сұлыбас, қылқан селеу, бетеге, жусан өседі. Мал жайылымы ретінде пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Баянауыл ауданы таулары