2022 жылғы Қазақстандағы наразылық шаралары (немесе Қанды қаңтар, Қаңтар оқиғасы, Қаңтар трагедиясы) — сұйытылған газдың кенеттен қымбаттауына байланысты Қазақстанда басталған наразылық шаралары. 2 қаңтарда бастау алған бұл оқиғалар тәуелсіз Қазақстанның 30-жылдық тарихындағы ең қарқынды әрі қатал қақтығысқа айналдыZhandayeva R., Zhanmukanova A.Kazakhstan’s Instability Has Been Building for Years. Foreign Policy, 10 қаңтар 2022 жыл..

Алғашында Жаңаөзен қаласында басталған шеру артынан Қазақстанның басқа қалаларына да таралды. Халық Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Қарағанды, Астана, Шымкент, Көкшетау, Орал және т. б. қалалардың көшелеріне шығып, экономикалық талаптармен қоса саяси өзгерістерді талап ете бастады. Бастапқыда бейбіт басталған наразылық шаралары артынан қарулы қақтығыстар мен тонаушылыққа ұласты (негізінен Алматы қаласында). 5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер ресми деңгейде мемлекеттік төңкеріс деп аталдыҚазақстан билігі "мемлекеттік төңкеріске талпыныс" жайлы айта бастады. Азаттық радиосы, 10 қаңтар 2022 жыл..

2022 жылдың 2 қаңтарында Жаңаөзен қаласының наразы тұрғындары сұйытылған табиғи газдың бағасын төмендетуді талап етіп, автокөлік жолын бөгеп тастадыЖаңаөзенде газдың қымбаттағанына наразы ел жолды жапты, оларды басқа өңірлерде де жұрт қолдады. Азаттық радиосы, 2 қаңтар 2022 жыл.. Халық қала және облыс әкімдерінен бағаны тұрақтатуды және көгілдір отынның тапшылығын жоюды талап етті. Бұл талаптар орындалмағасын наразылық шаралары келесі күні де жалғасын тапты. 4 қаңтар күні Қазақстан үкіметі Маңғыстау облысындағы сұйытылған газдың бағасы литріне 50 теңгеге дейін төмендетілгенін мәлімдедіҮкімет Маңғыстауда сұйытылған газ 50 теңге болатынын хабарлады, бірақ митинг тарқайтын түрі жоқ. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл., президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялап, заңсыздықты болдырмауды сұрады.

Жаңаөзенде бастау алған наразылық шараларын Қазақстанның басқа ірі қалаларының тұрғындары қолдап, көшеге шеруге шықты. Алматы қаласында шерушілер полиция көліктерін қиратып, олар өртке оранды. Жүздеген адам қамауға алыныпАстанада полиция наразыларды аяусыздықпен жаппай ұстап әкетті. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл.Полиция Алматының екі жерінде шеруге шыққан 150-дей адамды ұстады. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл., 4 қаңтар күні түнде ел аймағында Интернет байланысы өшірілді. Маңғыстау облысы мен Алматы қаласының аумағында төтенше жағдай енгізілді. 5 қаңтар күні таңертең Қазақстан үкіметінің отставкаға кеткені белгілі болдыҚазақстанда наразылық күшейген тұста үкімет отставкаға кетті. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл..

Елдегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты, 5 қаңтарда төтенше жағдай Қазақстанның барлық аумағында енгізілді. Шерушілер маңызды нысандарға шабуыл жасап, Алматы, Талдықорған қалаларындағы әкімдік ғимараттары, Алматы әуежайы наразы халықтың қолына өтті. Артынша Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) басшыларынан көмек сұрағанын мәлімдеді. 10 қаңтарда ҰҚК тәртіпсіздіктер кезінде басып алынған барлық әкімшілік нысандардың қайтарылғанын, елдегі жағдайдың тұрақталғанын мәлімдеді. 11 қаңтарға дейін тәртіпсіздікке қатысып, қамауға алынған адамдардың саны 10 мыңға жуықтады. Тонаушылық пен бұзақылықтың салдарынан кәсіпкерлерге келтірілген шығынның мөлшері 100 миллиард теңгеден асты. Оқиға бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.

Алғышарттары

нобай|Ақтөбенің орталық алаңында киіз үй тіккен шерушілер. Мұнай мен газға бай Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласы бұрынғы кездері де наразы халық пен билік өкілдері арасындағы қақтығыстың алаңына айналған еді. 1989 жылы жергілікті халық пен Кавказдан қоныс аударғандар арасындағы кикілжіңнің арты қақтығысқа ұласты. Қақтығыс құқық қорғау органдарының араласуымен басылды. 2011 жылдың желтоқсанында ереуілге шыққан жаңаөзендік жұмысшылар мен құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында қақтығыс орын алды. Еңбек дауына байланысты жеті ай бойы ереуілдеген «Өзенмұнайгаз» мекемесінің бұрынғы қызметкерлеріне қарсы полиция қызметкерлері қару қолданылып, оқ атты. Бұның салдарынан ереуілшілердің тарапынан 15 адам қаза тапқан болатын (ресми дерекке сәйкес).

2022 жылдың 2 қаңтарында басталған наразылық шараларына қатысқан адамдардың басты талабы сұйытылған газдың бағасын төмендету болды. 1 қаңтардан бастап газдың сауда-саттығы толығымен тауар биржалары арқылы іске асырылатын жүйеге ауыстырылған болатын, және соның артынан отынның бұл түрі екі есе қымбаттады. Бұрын 60 теңге шамасында саудаланған сұйытылған газ, 2022 жылдан бастап тұтынушыларға 120 теңгеден сатыла бастады.

Энергетика министрлігінің пайымдауынша, облыста газ өндірумен айналысатын тек қана бір кәсіпорын — «Қазақ газ өңдеу зауыты» айналысады. Айына 14,5 мың тонна сұйытылған газ өндіретін бұл зауыттың тұтынушыларды газбен толық қамтамасыз етуге қауқары жетпейді, сондықтан сырттан қосымша газ көлемін сатып алу қажеттілігі туындаған. Оған қоса 1973 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл кәсіпорын жабдықтарының тозу деңгейі 90 % жеткен. Электронды сауда-саттыққа көшіп, газды нарықтық бағамен сата бастағаннан кейін бұл мәселені жаңа зауыт ашу арқылы шешу жоспарланған болатынЖаңаөзендегі митинг: Энергетика министрлігі мен әкімдік газ неге қымбаттағанын түсіндірді. Tengrinews.kz, 2 қаңтар 2022 жыл..

Бұл оқиғалардан 2 жыл бұрын, 2020 жылдың қаңтарында жаңаөзендіктер сұйытылған газдың 55 теңгеден 65 теңгеге дейін қымбаттағанына наразылық танытып, жергілікті әкімдікке жиналған еді. Ол кезде газ бағасының өсуі Қазақстанның Кедендік одаққа кіруі және «Қазақ газ өңдеу зауытындағы» жөндеу жұмыстарымен байланыстырылды. Халық наразылық танытқаннан кейін қала басшылығы газдың бұрынғы бағамен сатылатынын мәлімдеген болатын«Халықтың қалтасына салмақ салады». Жаңаөзендіктер газ бағасының өскеніне наразы. Азаттық радиосы, 7 қаңтар 2020 жыл..

2022 жылғы наразылық шаралары басталғаннан кейін сұйытылған газдың бағасы тек қана Жаңаөзенде емес, елдің барлық аймағында төмендетілетін болып шешілді. Бірақ бұл мәлімдемеден кейін шерушілер үйлеріне тарқауға асыққан жоқ, халықтың наразылығын тудырған тек қана бағаның қымбаттауы емес екені анық болды. Көшеге шыққан халық Қасым-Жомарт Тоқаев пен Нұрсұлтан Назарбаевқа көңілдері толмайтынын білдірдіWalker S., Bisenov N. Kazakhstan protests: Moscow-led alliance sends ‘peacekeeping forces’. The Guardian, 5 қаңтар 2022 жыл.. Наразы халықты шеруге шығуға итермелеген себептердің қатарында үкіметтегі жемқорлық, әлеуметтік және экономикалық теңсіздік (әсіресе ол COVID-19 пандемиясының кесірінен ушығып кеткен болатын), елдегі демократия деңгейінің төмендігі аталды. Шерушілер саяси ырықтандыруды (либерализация), әкімдерді сайлауды енгізуді (қазір оларды президент тағайындайды), мемлекетті 1991 жылдан бері басқарып келе жатқан адамдардың биліктен шеттетілуін талап етті.

Наразылық шаралары өткен елді мекендер Ірі қалалар

Алматы Ақтау Ақтөбе Атырау Жаңаөзен Жезқазған"Қазақстан жасасын!", "Бостандық керек!" Жезқазғандағы наразылық. Азаттық радиосы, 5 қаңтар 2022 жыл. ҚарағандыВ Караганде жители вышли в поддержку протестующих в Жанаозене. Азаттық радиосы, 4 қаңтар 2022 жыл.

ҚостанайҚостанай облысында қоғамдық тәртіп қалпына келді – Полиция департаментінің басшысы. ҚазАқпарат, 6 қаңтар 2022 жыл. Қызылорда"Әділетсіз сайлаудан да шаршадық". Азаттықтың Қызылордадағы тілшісінің көргені. Азаттық радиосы, 21 қаңтар 2022 жыл. АстанаНұр-Сұлтанда митинг кезінде алты адам зардап шекті. Sputnik, 5 қаңтар 2022 жыл. ОралОралдағы наразылық кезінде полиция ұстап әкеткен адамдарды туыстары іздеп жүр. Азаттық радиосы, 7 қаңтар 2022 жыл. ӨскеменӨскеменде наразылық пен тәртіпсіздіктің салдарынан кемінде үш адам қаза болған. Азаттық радиосы, 14 қаңтар 2022 жыл. ПавлодарПавлодар облысының әкімі алаңға жиналғандардың алдына шықты. Sputnik, 5 қаңтар 2022 жыл.

ПетропавлВ казахстанском Петропавловске прошли задержания митингующих. РИА Новости, 7 қаңтар 2022 жыл. Тараз Талдықорған Түркістан Семей ШымкентШымкенттегі наразылық және түнгі ойран. Азаттық тілшісінің көргені. Азаттық радиосы, 13 қаңтар 2022 жыл.

Басқа елді мекендер

Арал"Сексеуілде тоқтаған пойыз, Шудағы шырғалаң". Қаңтарда шалғайдағы халық та билікке талабын жеткізуге талпынды. Азаттық радиосы, 14 ақпан 2022 жыл. Арыс Әйтеке би Жаңақорған Жетісай Жібек жолы

Кентау Қазалы Сарыағаш Сексеуіл Төле би

Төретам Шалқар Шардара Шиелі Шу

5 қаңтарда басталған тәртіпсіздіктер 5 қаңтар күні Алматы қаласында жағдай шиеленісіп, тәртіпсіздіктер күшейді. Белгісіз адамдар әкім ғимараты мен Алматы әуежайын басып алды. Қала әкімдігі өртке оранды. Алматыдағы ондаған сауда орындары, дүкендер, банктер тоналғаны хабарланды. Келесі күні Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бұл шабуылды «террористік топтар» ұйымдастырғанын айтты. Оның мәлімдемесіне сәйкес, елге саны 20 мыңға жететін «қаруланған әрі дайындықтан өткен жергілікті және шетелдік содырлар» шабуыл жасаған екен. Президент бұл адамдарға қарсы ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін жарияладыТоқаев ескертусіз оқ атуға бұйрық берді. Елдегі 7 қаңтардағы ахуал. Азаттық радиосы, 7 қаңтар 2022 жыл..

Аты аталмаған бұзақы топтармен болған қақтығыстың салдарынан Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларында әскерилер мен бейбіт тұрғындар қаза тапты. 7 қаңтарда Алматыдағы әкімдік ғимараты, президент резиденциясы және Республика алаңы бақылауға алынғаны белгілі болды. Сол күні жалпы Қазақстанның барлық аймағында конституциялық тәртіп қалпына келтірілгені белгілі болды, бірақ Тоқаев терроризме қарсы шаралар содырлар толық жойылғанша жүргізілетінін мәлімдеді.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың сөзіне сәйкес, 4 қаңтарда Қазақстанның көптеген қалаларында 500–4000 адам шамасында шерушілер тобы жиналған. Атырау, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Тараз қалаларындағы облыс әкімдіктерінің ғимараттарын және Семейдегі қала әкімдігін наразы адамдар басып алған. Басқа облыстарда әкімдік ғимараттарына шабуыл жасалған. Алматыда 7 қару-жарақ дүкені тоналып, наразылар қару-жарақ пен оқ-дәріні иемденген. Тұрғымбаевтың айтуынша, бұзақылар автокөліктер мен коммуналдық техниканы тартып алып, тәртіп сақшыларының көліктерін соққан, қызметкерлерге «Молотов коктейлдерін» лақтырған, оқ атқан. Полиция автокөліктері өртке оранып, өрт сөндіру көліктеріне шабуыл ұйымдастырылған. Жарақаттандарға көмек көрсетуге келген жедел жәрдем көліктеріне өтуге кедергі жасалғанТұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады. Tengrinews.kz, 9 қаңтар 2022 жыл..

нобай|Кәрім Мәсімов|150px Қазақстан билігі 5 қаңтарға дейін болған наразылық шараларын «бейбіт митинг», одан кейін орын алған оқиғаларды «мемлекеттік төңкеріс» және «террорлық шабуыл» ретінде қарастыра бастады. Тоқаев «содырлар» елдің 11 аймағына шабуылдағанын, негізгі соққы Алматы қаласына жасалғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ақорданы басып алуды жоспарлаған адамдар бұл мақсатынан Астанаға әскери ұшақтар келіп қонғаннан кейін айныған. Ресей президенті Владимир Путин де бұл көзқарасты қолдап, Қазақстанда «майдан технологиясы» қолданылғанын айтты.