Сарытау – Қарқаралы тауларының солтүстігіндегі оқшау тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Ақжол ауылының оңтүстік-батысында 17 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 989 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай 5 км-ге созылған, енді жері 3,5 км. Беткейлері тік жартасты. Шығыс беткейі тау бөктерінің ұсақ қырқалары мен шоқыларына ұласады. Беткейлері қатты тілімденген етегінде тас шашырандылары кездеседі.
Өсімдігі Қиыршықтасты қоңыр, қызғылт қоңыр топырағында бұта аралас бетеге, селеу, жусан, арпабас, бидайық, т.б. астық тұқымдас шөптесіндер өседі. Айналасында бірнеше қыстаулар мен жайлаулар орналасқан.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Қарқаралы ауданы таулары