thumb|right|300px|Job Simulator ойынындағы аралас реалдықтың клипі Аралас шындық (АШ, , MR) — шын және виртуалды әлемдер бірігіп, жаңа орта мен визуализация жасауы, онда физикалық және цифрлы нысандар бірге өмір сүреді және нақты уақытта әсерлеседі. Аралас шындық тек физикалық әлемде, немесе тек виртуалды әлемде ғана орын алмайды, ол шындық пен виртуалдықтың гибриді.Milgram, Paul & Kishino, Fumio. (1994). A Taxonomy of Mixed Reality Visual Displays. IEICE Trans. Information Systems. vol. E77-D, no. 12. 1321-1329. Бұған қатысты терминнің бірі Күшейтілген шындық (ЖШ) болып, ол физикалық әлемдегі ақпараттар мен объекттерге виртуралдылық үстемеленеді.
Аралас шындықтың практикалық қолданба нұсқалары көп, олардың арасында дизайн, ойын-сауық, әскери жаттығулар және қашықтан істеу қатарлылар бар. Мұнда сондай-ақ пайдаланушы мен аралас реалдық қолданбалары арасында әсерлесуді ыңғайлы етуге қолданылатын түрлі дисплей технологиялары бар.
Анықтамасы
Виртуалды / Медиалды континуум Медиалдық - қабылданған реалдық түрі болып, ол адамдар тұтынған БАҚ арқылы әсер етеді. Әлеуметтік медианың желілік сайттары дамуына ілесіп, адамдар өздері құрастырған мазмұндарды, сондай-ақ жеке қызығулары бойынша таңдалған коммерциялық мазмұндарды басқаларға көрсету мен бөлісу арқылы өзіндік медиалдық қалыптастырады. Мысалы, егер бір адам тек жергілікті спорт пен жергілікті хабарлар медиясын ғана тұтынатын болса, ал келесі бір адам халықаралық хабарлар мен арнайы ойын-сауық жанырындағы медияларды тұтынатын болса, онда бұл екі түрдегі тұлғаның "медиалдығы" бір-біріне ұқсамайды деуге болады.
Ал, континуум - "біртұтас жалғасым", "үздіксіздік", "өту барысы" мағыналарын білдіреді.
Аралас шындықты алғаш рет 1994 жылы Пол Милграм және Фумио Кишино "...виртуалды континуумның (ВК, VC) экстремумдары арасындағы кез келген тұсы" ретінде анықтады, мұнда виртуалды континуум толық шындықтан Күшейтілген шындық пен жетілдірілген виртуалдылық арасындағы толық виртуалды ортаға дейін созылады. Медиалдылы континуумын жарнаманы тосу арқылы, немесе пайдалы ақпаратқа ие шынайы жарнаманы қосу арқылы дәнекер дулығасында, түрлі көзілдіріктерде іске асыруға болады.Mann, S., & Fung, J. (2001). Video orbits on EyeTap devices for deliberately diminished reality or altering the visual perception of rigid planar patches of a real-world scene. Proceedings of the Second IEEE International Symposium on Mixed Reality, pp 48-55, March 14–15, 2001.Ақылды Көзілдірік туралы (About Smart Glasses), 36KR, 2016-01-09 Бұл түрдегі Медиалды шындық континуумы физикалық және виртуалды әлемдердегі нысандардың өзара қалай әсерлесетінін сипаттауға негіз болады.Milgram, Paul & Takemura, Haruo & Utsumi, Akira & Kishino, Fumio. (1994). Augmented reality: A class of displays on the reality-virtuality continuum. Telemanipulator and Telepresence Technologies. 2351. 10.1117/12.197321. Ол шындық пен вируталдықты мүлдем бөлек екі нысан ретінде танудың орнына, бұл екі тұжырымдама арасында континуум бар екендігі және екеуінің ортасындағы кез келген тұста аралас шындық қосымшасы болатынын білдіреді. Аралас шындық терминін алғаш рет өз мақаласында қолданған Милграм мен Кишиноның айтуынша, мұндай термин "шын және виртуалды әлемдерді біріктіруді көздейтін ВР -ге байланысты технологиялардың арнайы субклассына (subclass)" сілтеме жасау үшін қажет.
Терминологиялық айырмашылықтар thumb|right|350px|Шындық-вируталдық континуумы: бір басы шынайы орта, келесі басы виртуалды орта. Шынайы ортада жетілдірілген шындық мүмкін болса, виртуалды ортада жетілдірілген виртуалдық мүмкін болады. Осы екеуі жалпылама Аралас шындық делінеді. Тек екі ұшқары қолданбаны айтпағанда, аралас шындық шындық-виртуалдық континуумындағының бәріне қатысты. Ол Виртуалды шындық (ВШ), Жетілдірілген шындық (ЖШ) және Жетілдірілген виртуалдық (ЖВ) қатарлыларды қамтиды. Спектрудің бір басында технология үстемеленбеген шынадық әлемі жатыр. Ал, спектрдің екінші басында виртуалды шындық жатыр, ол "компьютер жағынан ұсынылған, көріністер мен дыбыстар секілді сезімдік ынталандырулар арқылы сезілетін жасанды ортаға қатысты болады, онда мәлім адамның әрекеті өз ортасында мәлім деңгейде белілеу рөлін ойнайды. Жетілдірілген шындық осы екі түйін (екі жақ) арасында жатыр және ол "шындықтың күшейтілген нұсқсы ретінде құрылғыдан көрінетін мәлім нәрсенің кескініне цифрлы ақпараттарды қабаттастыру техникасы арқылы жасалады"."Augmented reality." Merriam-Webster.com Dictionary, Merriam-Webster, https://www.merriam-webster.com/dictionary/augmented%20reality. Accessed 1 Nov. 2020. Аралас шындықтың өзгеше тұсы сонда, ол әдетте шынайы әлемде пайдаланушымен әсерлесетін жасанды өнімдерді білдіреді. Жетілдірілген виртуалдық (ЖВ) – аралас шындықтың субкатегориясы (субсанаты) болып, ол шынайы әлем объектілерін виртуалды әлемдерге біріктіруді білдіретін.P. Milgram, and A. F. Kishino, Taxonomy of Mixed Reality Visual Displays IEICE Transactions on Information and Systems, E77-D(12), pp. 1321–1329, 1994.
Виртуалдылы континуумдағы аралық жағдай ретінде, ол негізінен виртуалды кеңістіктерге қатысты, онда физикалық элементтер (мысалы, физикалық нысандар, немесе адамдар) динамикалы түрде біріктірілген және нақты уақытта виртуалды әлеммен әсерлесе алады. Бұл біріктіруге түрлі әдістер қолдану арқылы қол жеткізіледі, мысалы, физикалық кеңістіктгі видео ағыны, веб-камера, немесе физикалық нысандарды 3D цифрлау арқылы[. Гироскоп секілді нақты әлемдегі сезімдік ақпараттарды пайдаланып виртуалды ортаны басқару жетілдірілген виртуалдықтың қосымша түрі есептеледі, онда сыртқы енулар виртуалды көріністі мәтіндермен қамдайды.
Тағы қараңыз Компьютер медиалды шындық Виртуалды шындық Күшейтілген шындық Симуляциялы шындық
Жалғасты оқу Signer, Beat & Curtin, Timothy J. (2017). Материалдық голограммалар: виртуалды объекттердің мобильді физикалық жетілуі (Tangible Holograms: Towards Mobile Physical Augmentation of Virtual Objects), Technical Report WISE Lab, WISE-2017-01, March 2017. Fleischmann, Monika; Strauss, Wolfgang (eds.) (2001). Proceedings of "CAST01//Living in Mixed Realities" Intl. Аралас шындықта өмір сүру // Conf. On Communication of Art, Science and Technology, Fraunhofer IMK 2001, 401. ISSN 1618-1379 (Print), ISSN 1618-1387 (Internet). Интерактивті мультимедиялық зертхана (Interactive Multimedia Lab) A research lab at the National University of Singapore focuses on Multi-modal Mixed Reality interfaces. Аралас шындықтың географиялық ақпараттық жүйесі (Mixed Reality Geographical Information System, MRGIS) Costanza, E., Kunz, A., and Fjeld, M. 2009. Mixed Reality: A Survey Costanza, E., Kunz, A., and Fjeld, M. 2009. Аралас шындық, Сауалнама. Адам-машина әрекеттесуі: MMI бағдарламасының зерттеу нәтижелері (Mixed Reality: A Survey. In Human Machine interaction: Research Results of the MMI Program), D. Lalanne and J. Kohlas (Eds.) LNCS 5440, pp. 47–68. H. Regenbrecht and C. Ott and M. Wagner and T. Lum and P. Kohler and W. Wilke and E. Mueller, 3D бейнеконференцияға жетілдірілген виртуалдылық тәсілі, аралас және жетілдірілген шындыққа арналған 2-ші IEEE және ACM халықаралық симпозиумының материалдары (An Augmented Virtuality Approach to 3D Videoconferencing, Proceedings of the 2nd IEEE and ACM International Symposium on Mixed and Augmented Reality), pp 290-291, 2003 Kristian Simsarian and Karl-Petter Akesson, Әлемдегі Windows: Жетілдірілген виртуалдылықтың мысалдары, Интерфейс Алтыншы халықаралық Монпелье конференциясы, адам мен машинаның әсерлесуі (Windows on the World: An example of Augmented Virtuality, Interface Sixth International Conference Montpellier, Man-machine interaction), pp 68-71, 1997 Аралас шындық жобасы: аралас шындық (Жетілдірілген шындық, Жетілдірілген виртуалдылық) және виртуалды шындық бойынша эксперименттік қолданбалар (Mixed Reality Project: experimental applications on Mixed Reality (Augmented Reality, Augmented Virtuality) and Virtual Reality) Mixed Reality Scale – Milgram and Kishino's (1994) Virtuality Continuum paraphrase with examples. Виртуалдылық Континуум мысалдарымен парафраза IEICE Transactions on Information Systems, Vol E77-D, No.12 December 1994 - Аралас шындықтың визуалды дисплей таксономиясы (A taxonomy of mixed reality visual displays) - Paul Milgram, Fumio Kishino
Дереккөздер
Санат:Аралас шындықтар Санат:Көпмоделді әсерлесулер Санат:Шындық түрлері Санат:Пайдаланушы интерфейсі техникалары Санат:Виртуалды шындықтар