Қордай асуы – Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығысындағы Кіндіктас және Жетіжол жоталары аралығындағы асу.
Географиялық орны Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында, Мұзбел ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1233 метр. Мұнда қыста солтүстік-шығыстан соғатын суық желдің әсерінен желді бұрқасын борап, асудан автокөліктің өтуіне қолайсыз жағдай туындайды.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысы асулары