Қарақұм – Каспий теңізінің солтүстік-шығысында орналасқан құмды алқап.

Географиялық орны Құм Атырау облысының Жылыой және Маңғыстау облысының Бейнеу аудандары жерін қамтиды.

Жер бедері Теңіз жағасынан 10 – 20 км жерде. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай 150 – 160 км-ге созылған. Батысы теңіз деңгейінен 19 м, шығысы 9 м төмен жатыр. Минералдылығы әр түрлі, грунт сулары 2 – 6 м тереңдікте жатыр. Қарақұм өңірінде мұнай кен орындары бар.

Өсімдігі Қарақұмда теріскен аралас ақ жусан, еркекшөп, изен, т.б. сораң шөптер өскен.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы құмдары Санат:Маңғыстау облысы құмдары