Манучехр Насруллоевич Джалилов (27 қыркүйек 1990 жыл) — тәжікстандық футболшы, "Истиклол" клубы мен Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық Мәскеудің "Локомотив" клубының түлегі. Бірақ негізгі құрамда ойнай алмады, тек фарм-клубта өнер көрсетті. 2011 жылы "Горняк" клубына ауысты. Сол жылы жазда "Нефтехимик" футболшысы атанды. 2015 жылы тарихи отаны Тәжікстанға оралып, "Истиклол" сапына қосылды. Кейін Индонезия клубтарында ойнады.
Халықаралық Әзірше Тәжікстан құрамасы сапында ең көп гол соққан футболшы (17 гол).
Жетістіктері
Тәжікстан суперкубогы: 2020
Сілтемелер
Профилі
Санат:Тәжікстан футболшылары Санат:Тәжікстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Истиклол ФК ойыншылары Санат:Персебая ФК ойыншылары